№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ерлан Сағадиев ҰБТ тапсырушыларға сәттiлiк тiледi

Ерлан Сағадиев ҰБТ тапсырушыларға сәттiлiк тiледi


Бүгiн елiмiзде Ұлттық бiрыңғай тестiлеу басталды. Осыған орай, ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев елордадағы ҰБТ пунктiнiң бiрiнiң жұмысымен танысып, тест тапсырушылармен кездесті. Сондай-ақ, министр түлектердің ата-аналарымен жүздесіп, олардың тестiлеуге қатысты сұрақтарына жауап бердi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Министрдiң айтуынша, елiмiзде 15-шi жыл қатарынан өткiзiлiп отырған ҰБТ-ның бiрiншi күнiнде 14 мың түлек тест тапсырады.
Жалпы, Ұлттық бiрыңғай тестiлеу 20 маусым - 1 шiлде аралығында өтедi. Оған барлығы 102 мың түлек қатысады.
«Бүгiн ең бiрiншi тестiлеу күнi басталды. Жаңа ғана аралап өттiк. Бәрi дайын. Биыл 102 мың бала ҰБТ- ға қатысады. Бұл болмаған жағдай. Жыл сайын жоғары оқу орнына түсетiн балалардың саны өсiп келедi. Биылғы жылы қосымша 20 мың грант бөлiндi. Осы жылы балалар сынақ түрiнде бiрнеше рет тест тапсырды. Сондықтан, балаларымыз дайын. Сұрақтардың көбi қиын емес. Жастар өмiрдiң даңғыл жолына шығып отыр. Оларға сәттiлiк тiлеймiн. Жолдары әрқашан да ашық болсын», - деп тiлек бiлдiрдi Ерлан Сағадиев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетiндегi ҰБТ пунктiнде.
Сондай-ақ, министр тестiлеу нәтижесiн бiлу үшiн Тelegram-ға edu.gov.kz каналан жүктеу керектiгiн айтты.
Атап өтсек, кеше БҒМ вице-министрi Асхат Аймағамбетов биылғы Ұлттық бiрыңғай тестiлеу нәтижелерi Telegramканалында жарияланатынын айтқан болатын. Ол үшiн тек тест тапсырушының жеке кодын енгiзу керек. Бұндай код әр тест тапсырған түлекке берiледi.
Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәлiметiнше, биыл ҰБТ-ға қатысуға 100 мыңнан аса түлек ниет бiлдiрген. Олар биылғы мектеп бiтiрушiлердiң жалпы санының 70 пайызын құрап отыр. ҰБТ тапсыруға өтiнiш жазғандардың 69 209-ы қазақ тiлiнде, ал 23 618-i орыс тiлiнде тестiлеуден өтпек. Ұлттық бiрыңғай тестiлеу 165 тапсыру пунктiнiң 1431 аудиториясында өткiзiлмек. Барлық аудитория байланыс сигналдалдарын бөгейтiн құрылғылармен, металл детекторлармен, тестiлеу барысын бақылау және жазу бейнекамераларымен және онлайн тарату камераларымен жабдықталған.
21 маусым 2018 ж. 983 0