Шешендік
Ораз Жандосовты мен жас кезімде көргем, өте ұстамды кісі еді. Орыс ақыны Михаил Пермонтовтың « Бойда бұғып жатқан ұлы қуаттың белгісі – сабырлылық» деген сөзі бар. Осы сөз тура Ораз ағаға арнап айтылғандай. Ол кісі шаршау, сәтсіздікке қабақ шыту дегенді білмейтін.
Бұл күндері мені біреулер шешен сөйлейсіз деп жүр ғой. Бұл жағынан менің екі үлкен ұстазым бар. Олар – Ораз Жандосов пен Темірбек Жүргеннов. Кезінде ол кісілердің сөйлеген сөздерін тыңдап: « Ойпырмай, ойлары неткен терең, жүйелі, айтқандары қандай бойға сіңімді» деп талай таңғалғам.
Ораз аға ойын әр жүрекке ұялату үшін халқымыздың мақал мәтелдерін орынды , шебер пайдаланатын, алғыр,аса сезімтал, әділ де батыл шешімнің адаы еді. Ешкімнің көңілін қалдырмайтын, әсіресе кедей жастарға қамқор еді. Бірақ қажет кезінде қаталмінез танытатын. Ішімнен: «шіркін мен де осы кісідей болсам», – деп армандайтынмын. Ол кезде жиырмадан жаңа асқан кезім ғой.
P.S. Қазіргі билік арасында бірді-екілі қазақша таза сөйлейтін.әрі шешен басшы бар. Қалғандары қолдарына жазып бергенді әзер оқиды. Ұзын құлақтан естуімізше шетелдердегі оқу орындарында шешендік сөз өнерін үйрететін арнайы курстар бар екен. Шіркін сондай курсқа біздің билікте отырған «жартылай қазақ» басшыларды апарып оқытса.
Пікір 1