№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық талаптар өзгерді

Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық талаптар өзгерді


Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, объектілердің аумағында білім беру процесімен функционалдық байланысы жоқ ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға жол берілмейді.
Сондай-ақ өзгерістер білім беру ұйымын ыстық сумен жабдықтауға, жылы санитарлық тораптарды жабдықтауға да қатысты.
«Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су жылытқыштар орнатылады. Ыстық және суық су барлық ванналарға, себезгі бөлмелеріне, кір жуатын орындарға, қол жуғыштарға, оның ішінде санитариялық тораптарда, тамақтану залдарында, медициналық мақсаттағы үй-жайларда, сондай-ақ ас блогындағы араластырғыштар орнатылған технологиялық жабдықтарға жүргізіледі. Сумен жылыту жүйесіндегі ыстық суды технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмейді», делінген құжатта.
Бұл ретте, жобаланған, салынып жатқан және реконструкцияланып жатқан білім беру объектілерінде кәріздендірілмеген және ішінара кәріздендірілген жерде санитариялық тораптар, оның ішінде жылы санитариялық тораптар объектілер ғимаратында орналасуы тиіс.
Бұйрық 2022 жылғы 6 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын «Егемен Қазақстан» телеграм каналынан оқ
08 сәуір 2022 ж. 767 0