№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жандарбек Бекшин: "Менингиттің шарықтау шегінен өттік"

Жандарбек Бекшин: "Менингиттің шарықтау шегінен өттік"


Қ
азақстанда менингитпен ауру көрсеткіші төмендей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы - ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.
«Аурудың беті қайтты. 17-ші апта шарықтау шегі болды, бұл кезде республикада бір аптада - 15, Алматы қаласының өзінде 13 адам тіркелді. Сол шарықтау шегінен өттік. Бүгін қуанып отырмыз, Алматыда төрт тәуліктен бері менингококтық инфекциямен келіп тіркелген ешкім жоқ», - деді ол.
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгінгі таңда республика бойынша 24, Алматыда 12 науқас емделіп жатыр.
«Алматыдағыларды ауруханадан шығарып жатырмыз, 14 науқас емделіп шықты, осының өзі аурудың беті қайтқанын көрсетеді», - дейді бас санитар.
07 маусым 2018 ж. 1 174 0