Мектептерде және балабақшаларда орындалуға тиіс санитариялық талаптар

Білім беру объектілеріне қойылатын талаптар 5 тамыз 2021 жылғы ҚР ДСМ №76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрықта нақты көрсетілген. Осы санитариялық қағидаға сәйкес білім беру объектілерінің аумағының қоршалуы, аумағында фунционалдық қатысы жоқ объектілердің орналсуын болдырмау, ауыз сумен, ыстық сумен, кәріз жүйесімен, жарықпен, желдетумен, жылытумен қамтамасыз етілуі және жарамды жағдайда болуы керек.Объектілерде ауыз су режимі ұйымдастырылады. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объекті басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады.Барлық үй-жайлар таза болуы тиіс.Дезинфекциялық ерітінділерді пайдалану арқылы күнделікті тазалау жұмыстары жүргізіліп,жәндіктерді, кенелердің және кеміргіштердің болуына жол бермеу үшін дератизациялық, дезинсекциялық іс-шаралар жүргізілуі қажет. Жихаздар мен заттардың жабдықталуы балалардың өсу және жасерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.
Мектеп ауласы таза ұсталады, арам шөптерден тазаланып, объектінің аумағына кіру жолдары, көлікпен өту жолдары зақымданбаған, асфальтпен ,бетонмен немесе тазалауға қолжетімді басқа да қатты жабынмен жабылады. Барлық үй-жайлардағы еденнің, төбенің, қабырғалардың беті тегіс, саңылаусыз, ақаусыз және механикалық зақымданбаған болуы тиіс. Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары сабақ басталғанға дейін аяқталуы тиіс. Оқушылар бар кезде апатты жағдайларды жою жұмыстарын қоспағанда, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының түрлерін жүргізуге жол берілмейді. Объект әкімшілігі ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және ауа баптау жүйелеріне (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б) тексеру жүргізеді.
Аудандағы мектептерде асханаларда жеке кәсіпкерлер жұмыс атқарады, олар балаларды қауіпсіз әрі сапалы тамақпен қамтамасыз етуі тиіс. Объектілерде басшы бекіткен перспективтік мәзір жасалады. Мәзірді әзірлеу кезінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің болу ұзақтығы ескеріледі, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді. Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау, олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.Сүзбе, айран, кілегей қосылған кондитерлік өнімдер, қуырылған өнімдер, қаймақ пен мойонез қосылған салаттар, тәтті алькоголь сізсусындар, фастфудтарды өндіруге және сатуға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ пастерленбеген сүт, термиялық өңдеусіз сүзбе мен қаймақ, иодталмаған тұз, және темірі бар витаминдер, минералмен (фортификацияланбаған) бидай ұнын пайдалануға рұқсат етілмейді. Күнделікті медициналық қызметкер немесе жауапты маман дайындалған тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді. Бракеражды комиссияның тамақтану сапасын бағалауы кезеңмен жүзеге асырылады. Комиссия құрамы міндеті түрде медициналық қызметкер, әкімшілік, өндіріс басшысы, ұйымның өкілін және ата-аналар комитетінің өкілін қосып отырып, объекті басшысының бұйрығымен айқындалады.Күн сайын аспаз нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің күнделікті үлгілерін ас блогында қалдыруы керек.
Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазыту жабдықтарында және тоңазыту камераларында, тоңазытқыштарда жүзеге асырылады.Тоңазытқышқа темаператураны бақылау үшін термометр орнатылады. Білім беру объектілерінің қызметкерлері мен ас блогының персоналында жұмысқа жіберілгені туралы белгісі бар медициналық кітапша болуы тиіс. Жоғарыда көрсетілген талаптарды мектеп әкімшілігі мектептерді жаңа оқу жылына дайындау барысында орындау қажет.
Жобалау кезінде МДҰ-ның жас ерекшелігіне байланысты топтық үй-жайларының құрамына киім шешетін бөлме, ойын, жатын бөлмесі, буфет-тарату орны, дәретхана кіреді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың жас ерекшелігіне байланысты топтық үй-жайлары мен олардың аудандары мынадай параметрлерге сәйкес болуы тиіс:
- Киініп-шешінетін орын — 1 балаға кемiнде 0,7 м 2 есебінен,
- Ойын бөлмесi — бөбектер мен мектеп жасына дейінгі топтар үшін 1 балаға кемiнде 2,0 м2 есебінен,
- буфет-тарату орны — кемiнде 3,8 м2,
- жатын бөлмесі — бөбектер мен мектеп жасына дейінгі топтар үшін 1 балаға кемiнде 1,8 м2 есебінен,
- типтік МДҰ үшін дәретхана бөлмесі:
- мектеп жасына дейінгі топтар үшін — кемiнде 16 м 2
- бөбектер жасындағы — кемiнде 12 м 2
- бейімделген ғимараттарда орналасқан МДҰ-ға арналған дәретхана бөлмесі,оның ішінде сыйымдылығы 3 топқа дейінгі МДҰ-ға - кемiнде 8 м 2
Бұл ретте бұрын қолданыста болған құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттар бойынша жобаланған және қолданысқа енгізілген объектілер ерекшелік болып табылады.
МДҰ-ды жобалау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қозғалатын төсектерді орналастыру үшін қосымша орынның болуы ескере отырып, топтық (ойын) бөлмені жатын бөлмесімен біріктіруге жол беріледі. Балалар толық уақыт болмайтын МДҰ және мектепке дейінгі шағын орталықтарда жалпы киім шешетін орынды орнатуға жол беріледі.
- бөбектер жасындағы — кемiнде 12 м 2
- бейімделген ғимараттарда орналасқан МДҰ-ға арналған дәретхана бөлмесі,оның ішінде сыйымдылығы 3 топқа дейінгі МДҰ-ға - кемiнде 8 м 2
Бұл ретте бұрын қолданыста болған құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттар бойынша жобаланған және қолданысқа енгізілген объектілер ерекшелік болып табылады.
МДҰ-ды жобалау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қозғалатын төсектерді орналастыру үшін қосымша орынның болуы ескере отырып, топтық (ойын) бөлмені жатын бөлмесімен біріктіруге жол беріледі. Балалар толық уақыт болмайтын МДҰ және мектепке дейінгі шағын орталықтарда жалпы киім шешетін орынды орнатуға жол беріледі.
М.Сандыбайқызы,
Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бөлім басшысы
Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бөлім басшысы