Менингококк инфекциясы

Менингококк инфекциясы Neisseria meningitidis бактериясы тудыратын қауіпті аурулардың бірі.
Аталған аурудың ең жиі кездесетін белгілері: жоғары температура және қызба, қатты және тұрақты бас ауруы, қатты әлсіздік және шаршау, бас айналу және бұлыңғыр сана, терідегі бөртпе (петехия), ол басқан кезде кетпейді.
Менингококк инфекциясы менингит, сепсис, есту қабілетінің төмендеуі, жүйке жүйесінің бұзылуы, пневмония және т.б. сияқты күрделі асқынуларды тудыруы мүмкін.
Кейбір жағдайларда, әсіресе емдеудің басында кешігу болса, менингококк инфекциясы өлімге әкелуі мүмкін. Қауіп факторлары бар немесе инфекция белгілері пайда болған адамдар емделу үшін дереу дәрігерге қаралуы тиіс.
Ауруды жұқтыру және оның өршу қаупін болдырмау үшін мынадай қарапайым алдын алу шараларын қолдану керек:
• Қол жуу. Бұл қағиданы өзіңіз сақтаңыз және балаларға үйретіңіз. Тамақтанар алдында, дәретханаға, қоғамдық орындарға барғаннан кейін, жануарлармен ойнағаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз.
• Жеке гигиена қағидаларын сақтаңыз. Жеке асхана аспаптарын қолданыңыз, гигиеналық ерін далабын, тіс щеткасын ешкіммен бөліспеңіз.
• Иммунитетті сақтаңыз. Ауру қаупін азайту үшін салауатты өмір салтын ұстануға тырысыңыз. Жиі демалыңыз, жеткілікті ұйықтаңыз, үнемі жаттығулар жасаңыз, дұрыс тамақтаныңыз: көкөністер, жемістер, дәнді дақылдарды пайдаланыңыз.
• Маусымдық сырқаттану кезеңінде мәдени және спорттық іс-шараларға қатысуды шектеуге тырысыңыз.
• Түшкіргенде немесе жөтелгенде аузыңыз бен мұрныңызды жабыңыз. Осылайша сіз жақындарыңызға қамқорлық жасайсыз.
Есіңізде болсын! Менингококк инфекциясы кезінде өзін-өзі емдеуге жол берілмейді!
Ж.Нұрсұлтанова
Жаңақорған аудандық СЭББ басшы орынбасары.