ТӨМЕНАРЫҚТА ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ойшыұлымен бірге Төменарық округінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, қоғамдық қабылдау өткіздік. Қабылдауда ауылдық округ ардагерлері кеңесінің төрағасы мен мүшелері, округ әкімі болды.


Одан әрі қоғамдық негізде жұмыс істейтін жұмысшылар қабылдауда болып, көкейінде жүрген мәселелерін айтты. Тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер мен ұсыныстардың жүзеге асырылуын өз бақылауымызға алып, мәселелердің оң шешілуіне жол нұсқап, кей жәйттерге депутаттық сауал жолданатынын жеткіздік.