№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Табиғи "энергетиктер" туралы білесіз бе?

Табиғи "энергетиктер" туралы білесіз бе?


Бойдан қуат қайтып, әбден шаршаған сәтте табиғаттың өзінен ағзамызға пайда келтіріп, бойымызға күш-қуат толтыра аламыз. Дастарханыңыздағы тағамдарыңызға табиғи қуаттандырғыштарды қосатын кез келді.

Энергетикалық сусындар, кофе және басқа да ағзамызды сергітетін сусындардың әсері жылдам болады да, керісінше бізді қуатымыздан толықтай айырады. Онда қажу мен шаршаудан азаптанбас үшін не істеу керек? Жамандықтың түп-тамыры әдеттегідей дұрыс тамақтанбауда. Бойымыздағы күш-қуат түгесілгенде тек қана табиғат анамыздың өзінен ағзамызға пайда келтіретін күш-қуат ала аламыз. Ендеше, өз рационымызға жаңаша нәр берейік – яғни, бізге күш-қуат дарытатын, жақсы көңіл күй сыйлайтын табиғи өнімдерді тұтынайық.
Элеутерекокк
Элеутерекоке өсімдігінің табиғи сергіткіш шәрбат, капсула және таблеткалары кез келген дәріханада қол жетімді бағада сатылады. Таңертең ішсеңіз ағзаңызды кофедей сергітіп жібереді. Оған қоса оны күйзелісте, жүйке тозғанда ішуді ұсынамыз. Бұл шөп ағзаны қоршаған орта агрессиясына қарсы тұруға, сонымен қатар шыдамды болуға өз септігін тигізеді.
Көк шай 
Кәдімгі көк шай – ағзаның белсенділігі мен тонусын арттыруда таптырмас құрал. Таңертең бұл сусыннан бір кесе ішсеңіз дәрумендер мен микроэлементтерге байып қаласыз. Сонымен қатар бойыңыздағы зат алмасу процессін белсенді жүргізеді де күні бойы сергек жүретін боласыз. Егер де сіз барынша көп әсер алғыңыз келсе, шайды ережеге сай демдеңіз.
Сермене (лимонник)
Сермене дәндерінің тұнбасы дәріханаларда сатылады. Оны жұмысқа қабілетсіздікте, шаршағанда және жүйке жұқарғанда қабылдайды. Сермене жапырақтарынан дайындалған шайды ішіп те дәл сондай әсер ала аласыз. Ол үшін қайнаған суды үгітілген жапыраққа құйсаңыз жеткілікті. Мұндай сусынның нәтижесі айтарлықтай ұзақ әсер етеді, яғни зейініңізді, жалпы тонусыңызды және жұмысқа қабілеттілігіңізді арттырады.
Зімбір (имбирь)
Зімбір – қан айналымды және ағзадағы зат алмасуды жақсартатын өсімдік. Оның арқасында миымыз жақсырақ жұмыс істейді де, бойымыздағы күш қуаттың артқанын сеземіз. Зімбірден дайындалған шайлардың ең жақсысы ол – лимон мен бал қосылған түрі. Сонымен қатар, зімбірден энергетикалық смузи сусынын даярлай аласыз.
Қызылкүрең (эхинацея)
Қызылкүрең гүлшоғыры ерекше емдік қасиеттерге ие. Бұл өсімдік иммундық жүйені нығайтады және ағзамызға вирусқа қарсы, қабынуға қарсы және уытсыздандырғыш ретінде қабылданады.
Дәріханаларда таблетка, тұнба және демдеуге арналған құрғақ түрлері сатылады. Қоспаның жүйке жүйесінің қозуында басу үшін, есте сақтау қабілетін арттыру үшін және тонусты көтеру үшін пайдасы зор.
Цитрустар
Цитрустардың лимон болсын, апельсин немесе грейпфрут болсын, барлығы дерлік С дәруменіне бай.
Таңғы асқа ішілген балғын апельсин шырыны немесе цитрусты смузи (негізгі таңғы ас ретінде болса да) - күніңіздің жақсы басталып, жұмысқа деген қабілетіңізді арттыратын тамаша әдіс екеніне күмәнданбаңыз.   
Шайқурай (зверобой)
Шайқурай тұнбасы – күйзеліске қарсы тыныштандырғыш әсері бар өсімдік. Ол көңіл күйді көтереді, ұйқыны реттеп, психикалық және физикалық жұмыс істеу қабілеттілігін арттырады. Егер де сіз күш-қуатыңыздың азайып, қыс мезгіліндегі күйзелістен шаршаған болсаңыз, шайқурай шайын ішіп көріңіз. Мұндай сусынның әсері ұзақ болмақ. Бір айдан соң өзіңізді сергек сезінетін боласыз.
Шырғанақ
Шырғанақ – сібірлік сергектік пен жақсы көңіл күйдің жидегі. Оның құрамында қуаныш гормоны серотонин, көп мөлшерде С дәрумені, бета-каротонин, және көп қанықпаған май қышқылдары бар. Сонымен қатар көзге пайдалы.
Бұл суперфудты барлық тағамдарға қосуға болады.
29 мамыр 2018 ж. 901 0