№71 (8782) 7

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (8781) 3

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (8780) 30

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Үкімет басшысы Атырауда

Үкімет басшысы Атырауда

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Атырау облысындағы ахуалды бақылады. Ол аумақты тікұшақпен аралап, өзен жағалауларын нығайту жұмыстарының барысын қарады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олжас Бектенов Құлсары қаласы тұрғындарымен сөйлесіп, олардың қабылданып жатқан шараларды күшейту бойынша сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ Жайық, Жем өзендері жағдайымен танысты. Жылыой, Қызылқоға аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталып отыр. Бүгінде Қызылқоға ауданындағы Миялы, Аққора, Жангелдин, Жасқайрат, Көздіқара ауылдарында қауіп-қатердің беті қайтты.
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жағынан Жем өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданы Құлсары қаласын су басқан. 28 551 адам эвакуацияланды. 
07 сәуір 2024 ж. 277 0