№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Президент үндеуі дем берді

Президент үндеуі дем берді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеу жолдады. Презизент жан-жақты зерделенген, нақты дәлелмен келтірілген өте орынды, пайымды пікір айтты. Жауаптыларға қадау-қадау тапсырма берді.

“БАҚ өкілдеріне, блогерлер мен белсенді азаматтарға айтарым: жұртты дүрбелеңге салатын ақпараттарды жариялауға тыйым салынады. Жалған ақпараттар таралмауы қажет. Дәл қазір билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау - аса маңызды. Сондықтан, ел халқынан ресми дәлелденген, шынайы ақпараттарға сүйенуге шақырамын” – деді Президент.
Мемлекет басшысы дұрыс айтады. Арамызда ұрымтал тұсты өз мүдделеріне пайдаланып кететіндер жоқ емес. Ол бұрын да болған. Және бола береді. Олардың мақсаты – елдігіміздің тыныштығына сына қағып, ауызбіршілікке сызат түсіру. Сондықтан, сын сағатта, бір-бірімізге демеу болып, барымызбен бөлісіп, өкпе ренішті артта қылдырып, бірлікті ту етуіміз қажет. Сонда ғана осы ауыр кезеңді оңай еңсереміз. 

Есдәулет СЕЙІЛОВ,
ардагер.



06 сәуір 2024 ж. 558 0