Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БЕРЕКЕ КӨЗІ – БІРЛІКТЕ

БЕРЕКЕ КӨЗІ – БІРЛІКТЕ

Сыр өңіріне сапарымыздың бір күні бос болмады. Аймақта күн санап бір жаңашыл жаңалық қосылып жатты. Жаңа нысандар халық сұранысына сай әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталғаны белгілі. Мынадай мол сыбаға өткен уақыттың өнегесін өлшеп, келер күннің кемелдігін көрсеткендей әсер берді.

Жасырып қайтеміз, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізімен Қызылорда облысының аумағына енгеннен бастап әрбір елді мекен ерекшеленіп тұрады. Алыстан меңмұңдалап, самаладай жарық шамы жарқырап, ауыл бейнесі аңғарыла түседі. Тастай қараңғы түнек, ауыз судың әлегі, жол қиындығы өткен шақтың елесіндей ұмыт болды. Қазір бәрі өзгерген, жаңарған, жасарған жаңғырған.
Ауылдың өзінде қалада жоқ спорт сарайлары, емдеу амбулаториясы, мәдениет үйлері, мектеп ғимараттары бар. Осыдан-ақ өңір өмірі қарқынды құрылыс алаңына айналғанын көреміз.
Өткен жылдың күзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңірдің өсіп-өркендеген үлгісіне оң баға беріп, аймақтағы инвестиция тарту игіліктеріне, өндіріс ошақтарының іске қосылуына, жұмыс орындарының барынша ашылуына қаныққан болатын. Міне, сол еселі еңбек бүгінде еселене түсті.
Әлбетте барлық мәселенің шешілу түйіні қаржыға байланысты. Қаржы мөлшері артқан сайын істің де көлемі, жан-жақты жүйелеу жобасы да артады. Оны біз бюджет қазынасының бағамынан-ақ байқадық.
Айталық, 2023 жылы аймақ бюджеті 609 млрд. теңгеге жетті. Яғни, облыстың даму бюджеті 2,5 есеге артты.
Әлі есімде, осыдан бір жарым жыл бұрын облыс бюджеті 387 млрд теңгені құраған еді. Енді облыстық мәслихат сессиясында 2024 жылдың бюджеті 650 млрд теңгеге бекітіліп отыр. Қаржылық жағдайдың өсу динамикасы уақыт үдесімен алға озып келеді. Әрине, үлкен белес!
Бұл бағытта облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев: «Жыл соңына дейін салық түсімдерін арттырып, жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы бюджет көлемін 700 млрд. теңгеден асырамыз. Бұған резервтеріміз бар. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр өңіріне деген ерекше қолдауының нәтижесі»,-дейді салиқалы сөзін үлкен сенімге ұштастырып.
Осы орайда бюджеттің бөлінісі қалай шешілетінін де білдік. Мейлінше, бюджеттің 435 млрд теңгесі (67%) әлеуметтік салаға, құрылыс саласына - 94,5 млрд теңге (3%), жолдарды жөндеуге – 31,5 млрд теңге (4,8%), энергетика нысандарына - 32,7 млрд теңге (5%) бағытталуда екен. Тіпті жыл ішінде бұл қаржы көлемі едәуір ұлғаятын болады десті. Соған қарап-ақ аталған ауқымды қаражат аймақтың өзекті мәселелерін шешуге, өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға негізделгені анық.
Бір сөзбен қайырғанда, өскен өңірдің өмірі жарқын деп айтуға тұрарлық. Береке көзі – бірлікте деген қағиданы берік ұстанатын сырбойылық жерлестерім мұны Президенттің қамқорлығы деп біледі.
Руслан РҮСТЕМОВ
11 қаңтар 2024 ж. 344 0