№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Аудан басшысы тұрғындарды толғандырған мәселелерді тындады

Аудан басшысы тұрғындарды толғандырған мәселелерді тындады

Аудан әкімі Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы жоспарға сай «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарды толғандырған мәселелерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қабылдауға 4 адам келді. Олардың басым бөлігі тұрғын үй алу, кәсіпкерлік мақсатта жер алу, ауылды газдандыру мәселелерін алға тартты.

Аудан әкімі азаматтар көтерген түйткілді мәселелерді тиісті мамандар жіті зерттейтінін, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар сол жерде заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.

Қабылдауда 60 жастағы Кейден ауылының азаматы О.Жусипов Кейден ауылдық округіне жүргізілген газ құбырларына толықтай тексеру арқылы қабылдануын бақылауға алуды сұрады. Өтініш иесінің бұл мәселесі бойынша жергілікті тиісті мекемеге тапсырмалар беріліп, жұмыс жасалатындығын жеткізді.

#AMANAT
22 желтоқсан 2023 ж. 334 0