» Аумақ басшысы тұрғындарды толғандырған мәселелерді тыңдады

Аумақ басшысы тұрғындарды толғандырған мәселелерді тыңдады

Бүгін аудан әкімі Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы жоспарға сай «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарды толғандырған мәселелерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.


Қабылдауға 6 адам келді. Олардың басым бөлігі тұрғын үй алу, кәсіпкерлік мақсатта жер алу, несие алу, және жұмыс мәселелерін алға тартты.
Аудан әкімі азаматтар көтерген түйткілді мәселелерді тиісті мамандар жіті зерттейтінін, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар сол жерде заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.

Қабылдауда 53 жастағы азаматша Жаңақорған кентінің С.Нұрлыбаев көшесіне жарықтандыру мен көше маршуттарының санын көбейтуді сұрады. Өтініш иесінің бұл мәселесі бойынша көше алдағы уақытта жарықтандырылатыныны, ал маршут санын көбейту мәселесі жақын арада комиссиямен шешілетіндігін жеткізді.

Мұнан бөлек кәсіпкерлік мақсатта ауытқуы бар балаларға арналған орталығына қолайлы орын сұрап келген тұрғынның мәселесі бойынша кент ішіндегі ғимараттардың бірінен кабинет бере алатындығын, ал тұрғын үй мен жер мәселесі заңдылығына сәйкес мемлекеттік кезек арқылы шешімін табатындығын жеткізді.

#AMANAT

---
20 қыркүйек 2023 ж. 152 0