№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Биылғы жылы электр энергиясының тарифі қымбаттайды

Биылғы жылы электр энергиясының тарифі қымбаттайды

Энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап энергия өндіруші компаниялардың 55-тен 31 тобы үшін электр энергиясының шекті тарифтерін арттыру жоспарлануда.

Атап айтқанда, тарифтер:

бірінші топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 7,32 теңгеден 8,05 теңгеге дейін;

үшінші топ (Екібастұз ГРЭС-2 станциясы) – кВт/сағ үшін 11,20-дан 11,76 теңгеге дейін;

алтыншы топ (Қарағанды Энергоцентр) – кВт/сағ үшін 12,64 теңгеден 13,65 теңгеге дейін;

18-топ (Степногор ЖЭО) – кВт/сағ үшін 16,40-тан 22,58 теңгеге дейін;

26-топ («Алматы электр станциялары» ЖЭО-1,2,3, Қапшағай су электр стансасы, Каскад СЭС) – кВт/сағ 14,02-ден 17,82 теңгеге дейін;

33-топ (Шүлбі СЭС-і) – кВт/сағ үшін 3,67 теңгеден 4,14 теңгеге дейін;

41-топ (Таразэнергоцентр) – кВт/сағ 12,15-тен 14,29 теңгеге дейін.

Бұған дейін тізімге еліміздің аймақтары бойынша энергия өндіруші компаниялардың 50 тобы кірсе, жаңа тізімге тағы 5 топ қосылды.
Энергетика министрлігі түсіндіргендей, тарифтерді түзету энергия өндіруші ұйымдардан тәуелсіз шығындардың өсуімен байланысты.

«Сонымен, берілген өтінімдер бойынша жанар-жағармай құнының (көмір, газ) өсуі көлік шығындарын есепке алғанда 9-32%-ға дейін ауытқиды. Бұл ретте жанар-жағармай шығындары жалпы шығындардың шамамен 60%-ын құрайды. Шығын материалдары мен қосалқы бөлшектер құнының әр түрлі тауарлар бойынша 8-53% шегінде өсуі күтіледі. Бағаның өсуі инфляцияның өсуімен де, логистикалық шығындардың өсуімен де байланысты», – делінген негіздемеде.

Сондай-ақ шекті тарифтер жобасында өндіріс қызметкерлерінің жалақысын инфляция деңгейінен кем емес арттыру да ескерілетіні көрсетілген.

Сонымен қатар, тарифтердің көтерілуі жөндеу жұмыстарына қажетті материалдар мен жабдықтардың қымбаттауына, өндіру уақытының ұзақ болуына және жөндеу науқанының белгіленген мерзімдерін орындау үшін көрші елдерден жеткізілуіне байланысты.

Құжат 22 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Бұған дейін Қазақстанда 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап электр энергиясына шекті тарифтер көтерілген болатын. Содан кейін 50 топтың 16 тобында тарифтер өзгеріссіз қалды.
05 қаңтар 2024 ж. 376 0