№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Биыл елімізде 1 711 автобус құрастырылған

Биыл елімізде 1 711 автобус құрастырылған

Қазақстанда автобус өндірісі 2,5 есе өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап. 


2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында он және одан да көп адамды тасымалдауға арналған 1711 көлік шығарылса, 2022 жылдың сәйкес кезеңінде 1033 көлікке кем өндірілген.
Осылайша былтырғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда өндіріс көлемі 2,5 есе өсті.
Сонымен қатар биылғы жылдың алғашқы 8 айында жеңіл автокөлік өндірісі 41,5% өсті.
Аталған уақыт аралығында қазақстандық кәсіпорындар 88,5 мыңнан астам автокөлік шығарса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 62,5 мың автокөлік шығарылды.
Бұл ретте еліміздегі жүк көліктерінің өндірісі 24,6% өсті.
Егер ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 6,1 мыңға жуық жүк көлігі шығарылса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 4,8 мыңы өндірілген.
22 қыркүйек 2023 ж. 289 0