№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мейірімге толы жүрек

Мейірімге толы жүрек

Алғашқы қоңырау соғылып, балалардың мектепке барар сәті де алыс емес. Тамыз айы басталғаннан атааналар жаңа оқу жылына дайындыққа қызу кірісіп кетеді. Оқушының мектеп формасы, оқу құралдары, спорт киімі, сөмке, аяқ киім, қысқасы бұл науқанда қалтаны біраз қағуға тура келеді. Әрине, баласы үшін еш ата-ана аянып қалмасы анық. Барын салып, перзентін ешкімнен кем қылмауға әрекет етеді. Нарық талабы қос бүйірден қысқанда шарасыз күйге түсіп, баласын мектепке дайындай алмай қиналатын жағдайлар да жиі кездеседі. Осы ретте, кент орталығындағы «Қыран» негізгі орта мектебін ашып, балалардың жан-жақты білім алуына мүмкіндік туғызып отырған Сәуле Жорабекова 66 баланы мектеп формасы мен қажетті құралжабдықтармен қамтамасыз етті.

  – Құрметті ата-аналар, балалар, өздеріңізбен қауышып отырғанымызға қуаныштымыз. «Күш – білекте, мейірім – жүректе» дейді дана халқымыз. Атааналарымыз бізді әрдайым кеңпейілді болуға, қолымызда барымен өзгелермен бөлісіп, жәрдемдесуге баулыды, тәрбиеледі. Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Бала – біздің болашағымыз. Әр баланың таным қабілеттерін арттыру, шығармашылық потенциалына және жан-жақты дамуына мүмкіндік бере отырып, ең жақсы жағдайларды қамтамасыз етуіміз қажет. Бүгінде балаларымыздың болашағына бейтарап қарамай, мүмкіндігінше «Мектепке жол» акциясы аясында қолдау көрсетіп, көмек беруді жөн санадық. Ең бастысы, еліміздің ертеңіне балап, болашағынан үміт күтіп отырған балапандарымыз еш қиындық көрмей, саналы әрі сапалы білім алса деген ниеттеміз, – деді мектеп құрылтайшысы Сәуле Жорабекова.

Қайырымдылық – адам бойындағы асыл қасиеттерінің бірі де бірегейі. Мұқтаж жандарға жақсылық жасау – бұл адам баласының ең ізгі амалы. Қазақта «Кең болсаң – кем болмайсың» деген нақыл бар. Мұның астарына үңілсеңіз, адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзейді. Яғни, «Атымтай Жомарт» атанып, мұқтаж жандарға көмектесіп, кең болғанда төрт құбылаң тең болады деген сөзге саяды емес пе? Бүгінгі «Мектепке жол акциясынан» осындай ой түйіп, «Қыран» негізгі орта мектебінің құрылтайшысы Сәуле Жорабекованың бойынан жомарттықты, өзінен бұрын өзгеге жанашырлықты көріп қайттым.

Әсел Рзаева
28 тамыз 2023 ж. 155 0