Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әділетті Қазақстан құру – тарихи жауапкершілік

Әділетті Қазақстан құру – тарихи жауапкершілік

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстан мен Адал азамат бір-бірімен сабақтас ұғым екенін айтқан болатын. Дәстүрлі және инновациялық құндылықтардың өзара байланысы Мемлекет басшысы ұсынған қағидалар өзектілігін көрсетеді. Бұл туралы саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мұрат Насимов пікір білдірді.


Қазіргі таңда танымал цифрлық платформалардағы этиканың сақталуы технологиялық мүмкіндіктер мен адамдық қасиеттер арасындағы қарым-қатынасқа жаңа көзқарасты қажет етеді. Өйткені әлеуметтік желілерде берілетін мәліметтердің барлығы қоғам игілігі үшін ұсынылмайды. Кейде әлеуметтік желілерде өз жұмысын жиі көрсететін азаматтар жазбаларын көргенде, олардың қай кезде жұмыс істейтінін түсіну қиынға соғады. Адам бостандығы мен әлеуметтік-экономикалық теңдігін ілгерілететін цифрлық платформалардағы қолданушылар жауаптылығын қалыптастыру үшін мына қағидаларға мән беру қажет: кез келген ақпарат данышпандық пен кемеңгерлікті білдірмейді; кез келген ақпараттың ашықтығы шынайылықты білдірмейді; қоғамда болатын жақындасу, ымыраға келу процесі тұтастықты білдірмейді; ақпараттарды өңдеп ұсыну пайымдау емес ақпараттарды есте сақтау жады емес. Демек, әрбіріміз сандық қосымшаларды басқарудағы әдеттегі ойлау тәсілдерінен арылып, сыни ойлауға көшуіміз керек. Бұл ретте еліміз үшін өз ісіне адал қарайтын азаматтар қажеттілігі байқалып отырғанын айтқымыз келеді.
Адал азамат қалыптастырудың бірнеше мәселелері бар деп ойлаймыз. Біріншіден, әлеуметтік күнкөріс мәселесі. Бұл біздің өмірімізде күнделікті кездеседі. Әлеуметтік күнкөрістің дерттілігі мәселені зерттеу және ойлау бағыттарында ғалымдардың көп еңбегін қажет етеді. Біз алдағы уақытта бұл дерттен арыла аламыз деп үміттенеміз. Біздің үкіметке қайшылықта жүрген қоғам мүшелерінің ниетін, қабілетін және қисынсыздығын бағалай алатын білімді азаматтар қажет. Жоғары оқу орындарында біз студенттерге заман құндылықтарын түсінуге көмектесеміз. Болашаққа ұмтылуда үрейден шегінбей, байсалдылық және креативтілікпен алға басуды үйретеміз. Университет аудиториясындағы тәжірибелік сабақтар талқылауында ащы шындықты студенттерден жасырсақ, даму бағытымыз өзгермейді.
Екінші мәселе халықаралық құқықты ұйымдастырумен байланысты. Мемлекеттер арасындағы кіші шиеленістерді болдырмайтын және үлкен дауларды алдын алатын саяси және экономикалық институттар әрекеттерінің маңыздылығы басым болмақ. Басты міндет әлемдегі бейбітшілікті тоқтатып, сол арқылы мыңдаған әділетсіздікті мәңгілікке сақтау емес. Қиындықтар мен шиеленістерді қантөгіссіз, әділетсіз шешімдерді жою жолдарын табу міндеті тұр. Құқық шеңберінде адал азамат әлеуметтік қатынастардың әмбебап үлгілерімен тәжірибе жасауға мәжбүр болады. Институционалдық және құқықтық эксперимент адамзат қоғамының барлық деңгейлері мен бөліктерінде дамуы керек.
Үшіншіден, рухани кедейлік. Рухани байлық ол материалдық байлық емес, әлеуметтік игілігі аз кедейлік адамның рухани кедейлігін көрсетпеуі мүмкін. Қоғамды жайлаған сыбайлас жемқорлық осы рухани кедейліктің белгісі. Біз бұл кедейліктің тереңдігі мен дәрежесін енді ғана түсіне бастадық. Әлеуметтік білім мен әлеуметтік әрекетті кеңейту серпіні – тек қоғамдық қана емес саяси мәселе. Егер біз қоғам дамуына ортақ қызығушылық танытып, қандай да бір шешім таппасақ, басқа деструктивті топтар өзге шешімдер табады. Рухани кедейлік біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі. Бұл құбылысқа экономикалық кедейлік қосылса және байлардың кірістері өскен сайын, өкінішке орай, саяси тұрақсыздықты күтуге болады. Осы себептерге байланысты біз білім беру саласында шұғыл түрде елдегі рухани денсаулық сырқаты және қайыршылықты жеңу үшін жасалған үкімет бағдарламаларына жүгінуіміз керек. Сондықтан көптеген адамдар үшін материалдық және рухани қолайсыздық қатар жүреді деп айтуымызға болады.
Төртіншіден, өмір сапасы. Жеке әлеуметтік қорғаныс, мүмкіндіктерді жіберіп алмау және ыңғайлылық үшін халық қалаларға көшуге ұмтылады. Жасыратыны жоқ, қала – өзінің табиғи күрделілігі, шексіз ойын-сауық нұсқаларымен адам туындатқан кереметтің бірі. Дегенмен, Мемлекет басшысының елорданы дамыту мәселелері жөнінде өткізген кеңестен көп ой түюге болады. Бұл мәселелер еліміздің өзге қалаларында бар қиындықтар. Ластанған ауа, қапырық көшелер, азған шағын аудандар, құқық бұзушылық, жат мінезділік пен оны дамытатын ойын-сауықтың көптігі, кескінсіз және метастаздық өсім сапалы өмірдің көрінісі емес. Бұдан бөлек, ауыл тұрғындарының өмір сапасы терең талдауымызды қажет етеді.
Бесінші мәселе қоғамда кең таралған материалдық жағынан алалаушылық пен кемсітушілікті жеңу жолдарын іздеумен байланысты. Бұл қоғам мүшелері арасындағы теңсіздікті үдете түсетіндігін ұғынуымыз қажет. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш боламын деп ойламайды», – дегеннен құтылып, адам рухының бұл сырқатын жою керек. Өйткені алалаушылық пен кемсітушілік біздің өзімізді құрметтеуді ұмыттырады, адам бостандығы тұжырымдамасының негізінде жатқан тең мүмкіндіктерге қайшы келеді. Халыққа жағу да күрделі мәселе. Халық пен билік арасындағы диалог бағытын ел болып ілгерілетуіміз қажет.
Адал азамат қалыптастырудың осы бес мәселесі қоғам мен билік назарын аударуға лайықты деп ойлаймыз. Жеке мақтаныш пен оптимизмды қоя тұрып, адал азаматтарды тәрбиелеуге көшуіміз қажет деп есептейміз. Бұл тұста ғылымда толық зерттеліп болмаған «әлеуметтік даналық» категориясына мән берген дұрыс секілді. Сондықтан атқарылып жатқан жұмыстардың тек есеп үшін жасандылығы, тарихи оқиғаларды теріс пайдалану, істеліп жатқан жұмыстың мазмұны емес, әдісіне алаңдаушылық, құндылықтарды кемсіту секілді әрекеттерді тоқтату қажет. Осы құбылыстар қоғамдық дамудың ішкі және сыртқы мәселелерін күрделендіреді.
Жастарға қазіргі өмірдің қиындықтары мен күрделілігіне байланысты тұжырымдарды оптимистікпен жеткізсек, біз қоғам дамуына зиян келтіреміз. Жастарға биліктің үміті пен сенімін дұрыс жеткізе алмасақ, адамның болашақ мүмкіндіктерін дәйектей алмасақ, барлық әрекеттеріміз маңыздылығын жоғалтады. Бұл бағытта жастарды адал азамат болуға ұмтылдыру, қоғамдық істерді басқаруға үйрету күн тәртібінен түспейтіні анық. Біз жастарға алдымызда тұрған ең жоғары міндеттерімізді айқындап беруіміз тиіс. Жасалатын жұмыстың әдісі абсолютті түрде ұқыпты, қисынды, шынайы болуы керектігін, бірақ, жұмыс мақсаты тұтастық, түпкі ой және ниетпен ұштасуын айтуымыз қажет. Сөз соңында Адал азамат ұстанымының мына қағидаларын ұсынамыз: «Біз ел дамуының мұраттарына жалғыз, көппен де ұмтылатын боламыз, қоғамдық борыш сезімін жандандыруға күш саламыз, мемлекет заңдарын құрметтеп, бағынатын боламыз, елімізді бізге тапсырылғаннан кем емес, үлкенірек, жақсырақ және әдемі етіп береміз».
14 шілде 2023 ж. 142 0