Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аптаның қай күні дүниеге келдіңіз?

Аптаның қай күні дүниеге келдіңіз?

Адамның туған күні оның өміріне, тағдырына және мінезіне әсер етеді. Аптаның қай күні дүниеге келдіңіз? Өзіңізді немесе жақыныңызды тексеріңіз, дейді Массагет.


Дүйсенбі
Дүйсенбіде, әдетте, күшті мінезді адамдар туады. Олардың ойын өзгерту қиын. Олардың тіл-көзден және айналадағылардың теріс әсерінен сақтайтын керемет қорғанышы бар.
Олар бір адамды жақсы көрсе, басқаға назар аудармайды. Алайда олар үшін махаббат пен достықта үйлесімділік болуы маңызды. Сезім екіжақты болмаса, қарым-қатынасты сақтап қалуға тырыспайды. Олар өмір бойына сүйіктісімен бірге болуды немесе жалғыз болып өтуді таңдайды.
Бұл адамдарды Ай басқарады, сондықтан олар өте эмоционалды және ашық келеді. Олардың қиялы мен эмпатиясы жақсы дамыған.
Сейсенбі
Сейсенбі күні дүниеге келген адамдар өте ашық және көпшіл. Олар сауатты жұмыс істеуге көп күш жұмсайды.
Бұл адамдардың тағдыры махаббатта да, жұмыста да сәтті қалыптасады. Олардың әзілді түсіне білу сезімі және жарқын мінезі бар, бірақ олар құпия сақтай алмайды.
Сейсенбіде туғандарды жауынгерлер планетасы Марс басқарады, сондықтан олар табандылықпен, кейде агрессивтілікпен ерекшеленеді. Алайда, бұл адамдар өздерінің және шешімдерінің дұрыстығына жиі күмәнданады. Сондай-ақ олар жиі алдымен жасап, сосын ойланады.
Сәрсенбі
Сәрсенбіде туған адамдар өте тұрақты. Олар әдетте қаржы саласында және жұмыста жетістікке жылдам жетеді.
Алайда, аптаның осы күнінде туған адамдардың басқалармен қарым-қатынас жасауы қиын. Сондықтан олардың достары аз және олар үшін өмірлік серігін табу қиынға соғады. Мұндай адамдарға некеде қиын болады, сондықтан оларға кейде өз-өзімен қалуға мүмкін беру керек.
Сәрсенбіде туғандарды Меркурий планетасы басқарады. Олар ғылымда және бизнесте өздерін жақсы дамыта алады.
Бейсенбі
Бейсенбіде туғандардың жолы болды, өйткені олардың интуициясы жақсы дамыған және олар ерекше ақылға ие.
Бұл адамдар махаббатта да, жұмыста да бірдей жетістікке жете алады. Олардың өмірі көбінесе қызықты оқиғаларға толы, сондықтан олар ешқашан еңсесін түсірмейді. Олардың достары мен таныстары көп.
Бейсенбіде дүниеге келгендерді Юпитер басқарады. Сондықтан бұл күні туған адамдар ұйымдастырушылық қабілеттеріге ие. Олар көбіне саясат пен басқару саласында үлкен жетістіктерге жетеді.
Жұма
Бұл күні дүниеге келгендер адамдарды жақсы тани алмайды. Сондықтан олар ұжымдық жұмыста немесе жаңа қатынастар құру кезінде мұқият болуы керек. Жұмыста алға жылжу үшін аптаның бұл күнінде туғандарға мотивация мен өмірлік мақсат қажет.
Жұма күні туғандар уақыт сынынан өткен және сенімді адамдардың жанында жүруі керек.
Бұл күні туған адамдарға Венера қамқорлық жасайды. Бұл планетаның үлкен сыйы бар: ол жақсы көруді, сүйікті болуды үйретеді. Үйде бұл адамдар жайлы атмосфера жасайды.
Сенбі
Сенбі күнгі адамдар тәуелсіз келеді және олар көшбасшылық қасиетке ие. Олар өзін жақсы көретін адамдар, бірақ сонда да олардың достары көп. Себебі олардағы эмпатия деңгейі жоғары.
Сондай-ақ, бұл адамдар өздерінің алтыншы сезімі арқылы болашақты болжай алады. Олар керемет психологтар және табиғатынан өте дана адамдар.
Бұл күні дүниеге келгендерді Сатурн планетасы басқарады. Олар еңбекқор, дарынды және ақылды.
Жексенбі
Жексенбі күні дүниеге келгендер рухани жағынан жақсы дамыған. Олар бала кезінен ненің жақсы, ненің жаман екенін жақсы түсінеді.
Оларда басқаларға маңызды нәрселерді үйрету және білім беру қабілеті бар, сондықтан олардан керемет тәлімгерлер шығады.
Жексенбіде туғандар Күннің қамқорлығында. Олар белсенді, бірақ жиі өмірлеріне немқұрайлы қарап, болашағы жайлы ойлана бермейді. Сол үшін де өмірде сәтсіздіктерге жолығуы мүмкін. Сондықтан бұл күні дүниеге келгендерге өмірге көзқарасын өзгертіп, мақсат қою ұсынылады.
03 шілде 2023 ж. 134 0