Бүгін Жаңақорғанда екі ауыл әкімі сайланды
ҚР Сайлау туралы конституциялық Заңына сәйкес, бүгін Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 2 ауылдық округтің әкімі сайланады.
Тұрғындар Сүттіқұдық ауылдық округі мен Қаратөбе ауылдық округінің әкімі болуға үмітті кандидаттарға дауыс беріп, өз таңдауын жасауда.
Таңғы сағат 07.00-де №309, №322 сайлау учаскесі ашылып, алғашқы келген сайлаушыларға сыйлықтар үйлестірілді. Сайлауда Сүттіқұдық ауылдық округінің әкіміне 2 азамат үміткер болды. Оның бәрі өзін-өзі ұсыну тәртібімен науқанға қатысуда.
Айту керек, Сүттіқұдық округінде 1185 сайлаушы тіркелген.
Ал, Қаратөбе ауылдық округінің әкіміне 3 кандидат үміткер атанды. Олардың бәрі де өзін-өзі ұсыну жолымен кандидат ретінде бақ сынауға ниет білдірді.
Бүгінгі күні Қаратөбе округінде 970 сайлаушы бар. Таңнан бері дауыс беруге асыққан тұрғындардың белсенділігі жоғары.
Еске салайық, жыл басынан бері Қызылорда өңірінде 10 ауылдың әкімі сайланды. Олар: Қазалы ауданының Ақжона, Арықбалық, Жалағаш ауданының Жаңадария, Аққұм, Мырзабай ахун, Сырдария ауданының Ақжарма, Жаңақорған ауданының Жаңарық және Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылдық округінің әкімі. Сондай-ақ, Арал ауданының Жаңақұрылыс және Құланды ауылдық округінің әкімі.
Биыл Президент тапсырмасына сәйкес аудан әкімдерінің сайлауы өтеді. Қызылорда өңірінде тұрғындар 2 ауданның әкімін тікелей сайлайды. Жергілікті мәслихат шешімі негізінде айқындалған аудандарда сайлау процесі ұйымдастырылатын болады.