Қай жастағы балалар пойызда тегін жүре алады?
«Жолаушылар тасымалы» АҚ балалар үшін пойызға билет алу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
7 жасқа дейінгі балалар үшін пойызға міну ақысы тегін. Алайда оларға бөлек орын қарастырылмайды. Өзіне бөлек орын беру үшін балалар билетін алу қажет. Егер 7 жасқа дейінгі балалар саны екі немесе одан көп болса балаларға арналған билет алу қажет болады. 7-15 жас аралығындағы балалар билетіне ересектер билеті құнының 50 пайызы көлемінде жеңілдіктер бар. 15 жастан жоғары балаларға ересек адамдармен бірдей бағада билет алынады, - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Балалар билетін алу үшін қандай құжаттар қажет?
Балаға билет алу үшін жеке басын куәландыратын құжат – баланың туу туралы куәлігі немесе паспорты керек болады.
Баланың туу туралы куәлігі немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі билетпен бірге жолсерікке пойызға мінер алдында беріледі.
Баланың жалғыз өзін пойызбен қалай жіберуге болады?
15 жасқа дейінгі балалар тек ересектермен бірге ғана пойызға отыра алады. Егер бала пойызда оның заңды өкілі болып табылмайтын адаммен бірге баратын болса, онда сол адамның баланы ертіп жүруіне рұқсат етілген нотариалды куәландырылған сенімхат керек болады.
15 жастан асқан балалар нотариалды куәландырылған сенімхатпен өзі саяхатқа шыға алады.
Ал жолаушылар пойызына отырғызғанда немесе жолда баланың қасында заңды өкілі бірге болған жағдайда сенімхат көрсету талап етілмейді.