Қазақстанда қанша бала тұрады?
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 6,6 миллион бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Балалар саны тұрақты өсу тенденциясына ие және Қазақстан халқының үштен бір бөлігін 6,6 миллион бала құрайды. Жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келетінін айта кету керек», деді ҚР Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.
Ведомство дерегіне қарағанда, 7 723 мектепте 3 479 000 қазақ баласы оқиды.
Бұл ретте Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Қазақстанда қанша жетім бала бар екенін қоса айтты.
«Елімізде 22 080 жетім бала болса, оның ішінде 3 790 бала интернатта тәрбиеленіп жатыр. Бүгінде ерекше білім алуды қажет ететін 188 000 баланың құқығына баса назар аударылады», деді вице-министр.