Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сәрсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Сәрсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Бүгін оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде күн құбылады, деп хабарлайды Қазгидромет.


Кей жерлерде найзағай ойнап жаңбыр жауады, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте қатты жаңбыр жауады.

Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында бұршақ жаууы ықтимал. Республикамыздың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында солтүстік-батыс антициклонның жотасы өз әсерін тигізіп, күн жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстігінде - тұман, солтүстік– батысында шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде және орталығында, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
10 мамыр 2023 ж. 129 0