№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 33 мың адам табиғи газға қол жеткізеді

33 мың адам табиғи газға қол жеткізеді

Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов облыс тұрғындарымен кездесті. Оған аймақ тұрғындары мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдері қатысты. «Достық үйінде» өткен жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов жүргізді.


Вице-министр аймақтағы кен орындарының жұмысы мен мұнай өндірудегі жалпы көрсеткіштерге тоқталды. Қызылорда облысы – еліміздегі мұнай өндіруші бесінші өңір. Тиісінше, өндірілген мұнайдың 4,8 пайызы аймаққа тиесілі. Алайда, өңірдегі кен орындарында мұнай өндірудің жыл сайынғы табиғи төмендеуі байқалады.
Сол себепті Энергетика министрлігі, қайта инвестициялау мәселесін пысықтауда. Мемлекеттік теңгерімдегі газдың алынатын қоры шамамен 39 млрд текше метрді құрайды. Осы орайда вице-министр газ сатып алудың жаңа формуласы әзірленетінін атап өтті.
– Бүгінде Қызылорда облысының газдандыру деңгейі 70 пайыз. 584 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етілген. Биыл Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасы аясында 13 жоба іске асырылмақ. Бұл жобалардың ішінде облыс та қамтылған. Жалпы – осы жылы Сыр өңіріндегі Төретам, Ақай, Бірлік, Қыраш, Жайылма, Еңбекші, Абай, Досан, Шалхия, Құттықожа, Кейден және Жиделіарық елді мекендеріне газ жүргізіледі. Осыған сәйкес, шамамен 33 мың адам табиғи газға қол жеткізетін болады, – деді А.Хасенов.
Вице-министр өз баяндамасында халықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелеріне жеке тоқталды. ҚР Энергетика министрлігі АИ-80, 92-93 стационарлық АЖҚС-да жазғы және маусымаралық дизель отынын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын реттеуді белгіледі.
Кездесу барысында облыс тұрғындары өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Жиыннан кейін вице-министр БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді.
Айта кетсек, өңірге жұмыс сапары аясында ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Жаңақорған ауданындағы «Байкен-U» ЖШС-не қарасты «Хорасан-2» кенішінде болып, жұмысшылардың тұрмыс жағдайымен танысты. Сондай-ақ уран өндіруші кәсіпорындардың өкілдерімен кездесу өткізіп, геологиялық барлау және газ өндіру жөніндегі кеңеске қатысты.

«СБ» ақпарат
02 наурыз 2023 ж. 201 0