№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Отау-ТV» әрбір үйде

«Отау-ТV» әрбір үйде

Бала күнімізде бар-жоғы екі каналдан кино көргенімізге мәз болушы едік. Уақыт өте келе отандық телевизияның өрісі кең қанат жаюда. Оның айқын дәлелі заман ағымына сай «Отау тв» жерсерігі. Бұрынғыға қарағанда дауыс пен бейненің сапасы жоғарылады. Үйіңізде отырып-ақ, жаһандық жаңалық пен толассыз ақпараттан хабардар етіп, әлемде болып жатқан жаңалықтарды теледидар арқылы қанықтыратын ұлттық жерсерік «Отау тв» көпшіліктің көңілінен шықты.


Жерсеріктік телевизия – бұл жердің жасанды жерсерігі арқылы сигналды ретрансляциялау арқылы бейнедеректерді жіберудің тәсілі. Дәл осы қасиет жерсеріктік телевизияның негізгі артықшылықтарының бірін – бейненің жоғары сапасын және телевизиялық арналардың үлкен санын анықтайды.

Жаңалықтың жаршысы, мәдениет пен өнердің қайнаған қазаны болып саналатын телеарналар бұқаралық ақпарат құралдары ішіндегі ең пәрмендісі. Сондай-ақ, кез-келген мемлекеттің ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында қызмет атқаратын телеарналар мемлекеттің саяси идеологиясын да жүзеге асыратын теңдессіз күш. Осы ретте «Отау тв» сандық жерсеріктік жүйесінің қазақы нақышқа сай ұлттық дүниелерді көрсетіп, қазақ тілінің дамуына қосып жатқан үлесі орасан зор екендігі осы бес жылға жуық уақытта белгілі болды. Осылай сандық жерсеріктік жүйесінің тиімділігін ескеріліп, халық арасында аталмыш телеарнаның қолжетімділігі арта түсті.

Біздің ауданымызда тұрғындардың жетпіс пайызы «Отау тв» ұлттық спутник таралым желісіне қосылған екен. Алайда, ауданымызда атаулы жерсерікті желінің бірде-бір қызметкері немесе арнайы бөлімшесі жоқ екен. Тек, сауда орындарындағы делдалдар «Отау тв» алған жағдайда өздері тіркеуге көмектесіп беретінін білдік. Айталық, орталық базардағы құрылыс дүкенінің иесі Күлпарша Әлжановадан біраз сұраққа жауап алдық.

  Қазіргі уақытта сұранысқа ие болып тұрған осы «Отау тв» десем артық болмас. Одан бөлек те, қаншама жерсеріктік антеналар келіп жатыр ғой. Бірақ, тұрғындардың таңдауы өзгерген жоқ. Бізде күнделікті өтпесе де, аптасына 2-3 адам сатып алып кетеді. Әсіресе, қыс айларында алушылар саны артады. Өйткені, жұмыс саябырсып, ауыл-аймақтарда егінді жинап, үйде теледидар қарайтын уақыт қой. Сол себептен де, қазір жақсы өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін тұтынушылар арасында қайтарып әкеліп немесе шағымданғандар болған емес. Керісінше, алғыстарын айтып, өте жақсы екен деп бағасын беріп кетіп жатады, – дейді ол.

«Oтау тв» Ұлттық жерсеріктік телехабар тарату желісінің тарихы 1995 жылдан бастау алады. 2011 жылдың 18 қаңтарында елімізде «Oтау тв» Ұлттық жерсеріктік сандық телерадио хабар тарату желісі қосылды. Қазақстанның шалғай орналасқан елді мекендерінің тұрғындарына 37 отандық және шамамен 50 шетелдік телерадиоканалды көруге мүмкінді береді. 2016 жылдың бірінші күнінен бастап, өзге антена қабылдағыш қызметі жойылып, тек «Отау тв» арқылы телеарналар көруге мүмкіндік туды. Әсіресе, Манап, Қожакент және Қаратөбе ауылдық округінде көрсеткіш өте жоғары. Бүгінгідей жаһандану заманында уақытты құр өткізуге болмайды. Әсіресе, өскелең жас ұрпақты білімге, өнерге баулу кезек күттірмейтін мәселе. Осындай сәтте балаларды «Балапан» телеарнасы құтқарды. Себебі, кішкентай көрермендерге танымдық, спорттық және интелектуалды ойындар мен музыкалық шоу, анимациялық мультсериалдар мен балаларға арналған телехикалар ұсынады. Кейбір әдеби сөздерді мектептен немесе балабақшадан емес, осы арнадан үйренетінін мойындауымыз керек. Бұл орайда ұлттық спутник тарату желісіне қосылған тұрғындардың пікірін білген едік. Кент тұрғыны Әсия Әбенова, қазақ тілі пәні мұғалімі:
– Қазір қыс мезгілі. Бала біткеннің бәрі үйде. Бұрын бір-бірімен алысып, уақыттарын бос өткізеді. Қазір «Отау тв» телеарнасын қосқалы көңіліміз жай тапқандай. Алаңдауға себеп жоқ, өйткені «Балапан» арнасы балалар үшін толассыз қызмет етіп жатыр. Жеткіншектердің рухани азық алуына бастайтын, зерде-зейінін ұштайтын, ұлттық тарих пен салт-дәстүрді санасына сіңіретін сан түрлі бағдарламалар жүргізіледі. Өзіміз отбасымызбен «Отау тв» сандық спутниктік жүйесіне бір жыл бұрын қосылған едік. Отандық спутниктік телеарнаға қосылған сәттен Ұлттық тілді, салт-дәстүрді насихаттауда телеарна қызметкерлерінің еңбегі бірден байқалды. Күндізгі көрсетілімдерде қазақ тарихы мен ұлттық құндылықтарға бай өлкелер тынысындағы жаңалықтарды, қазақтың ұлттық ойындарын көрсету арқылы жастарды әлемдік өркениетке жетелейтін телеарна көңілімізден шықты. Бұған дейін, қазақылық менталитеттен алыстау өзге арналардың өнімін тамашалап келген болатынбыз. Біздің отбасымызға «Отау тв» сандық спутниктік жүйесінің халық игілігіне іске қосылғандығы қазақ ұлтының өсіп-өркендеу жолында мемлекеттік саясаттың жемісті жүргізіліп жатқандығын аңғартты. Қазақтың аңыз-әңгімелері желісі бойынша қазақша мультфильмдерді көрсететін телеарнаны кішкентай бүлдіршіндеріміз де сүйсініп көреді.

Сонымен бірге, халық ертегілермен сусындап өсуіне мол септігін тигізіп отыр. Мысалы, «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын» сынды ертегелірдің үйіміздің төрінен көрсетілуі осының дәлелі. Тіпті, әлемдік деңгейде көрсетілетін түрлі спорттық ойындарды да тікелей эфирде көруге мол мүмкіндік беріп отыр. Бұл сөзімізді спорт жанкүйері Нысанбай Жиенбаевта дәлелдей түсті.

– «Отау тв» стандарт пакетін орнатып алып, бос уақытымда спорт бағдарламаларын әрі республиканың барлық облыстарынан жаңалық көруге мүмкіндік туды. Бұл бүгінгідей білімге, ғылымға, өнерге ұмтылған жастар үшінде өте маызды. Мәселен, «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан түлектердің бүгінгі жай күйі, оларға жасалып жатқан шынайы қамқорлықтары жөнінде күн сайын біліп отырмыз. Мемлекеттік тілде хабар тарату аясы кең, тілшілер корпусы да терең біліктіліктерімен танымал болып үлгірген аталмыш арна қазірде кім-кімнің де жүрегіне аса жақын, – дейді.

Бүгінде елімізде отандық «Отау тв» барлық аймақты қамтып, сапалы ақпарат ұсынып отырған жайы бар. Жалпы, тұрғындар үшін 48 телеарна тегін әрі үзіліссіз көрсетіледі. Ал, ақылы негізде 150ден аса отандық және шетелдік арнаға қосылуға мүмкіндік мол. Білім, мәдениет, дін, спорт, тарих және балаларға арналған хабар тарататын арналар көрермен назаранан тыс қалған емес. Биылғы жылы «Отау тв» эфирі заманауи көптеген жаңалыққа толығуда. Мәселең, қашықтықтан басқару түймесі арқылы интернетке қосылуға болады. Басты менюдегі көрсетілген газет-журналды басып, кез-келген басылымды тандап, экраннан оқуға болады. Бұл кітапжурнал оқудан қол үзіп қалған жандар үшін таптырмас мүмкіндік.

«Отау тв» ұлттық спутниктік тарату желісіне кент тұрғындарынан бөлек, ауылдық округтердегі ағайыннын да пікірін білген едік. Сыр беткейдегі Қаратөбе ауылының тұрғыны Ақсымбат Көшерова.
– Балаларға арналған қазақ тіліндегі арнаға биыл он жыл толады. Осы жыл ішінде үлкенкішінің сүйікті арнасына айналып үлгерді. Баланың дүние танымын кеңейтуге бағытталған бағдарламалар маусым сайын жаңартылып, жаңаша сипатқа ие болып жатады. «Айгөлек», «Шеберлік сыныбы», «Құра-бұра» секілді шығармашылықты шыңдауға арналған бағдарламалар балғындардың ықыласына бөленген, – десе, Жайылма ауылының тұрғыны Айжан Үскенбаева:
– Мен өзім Шымкент қаласының қызымын. Бұрын төркінімді сағынып, қайта-қайта барғым келетін. Соңғы уақыттары «Отау тв-ға» қосылғалы бері туған жеріме баруды сирете бастадым. Себебі, ауылымның тың жаңалығын күнде көріп отырмын. «Қазақстан-Шымкент» телеарнасын қосқан сайын төркініме барып-келгендей күй кешемін, – дейді. Осылай еліміздің кез-келген аймағынан отандық телевидениеге қосылуға мүмкіндігіміз мол. «Отау тв» аясы алдағы уақытта мұнан да кеңи бермек.
12 желтоқсан 2022 ж. 218 0