«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Астана - елдіктің айшықты атауы

Астана - елдіктің айшықты атауы


Тәуелсіздіктің тұғырлы төрі болған бас қаланың атауы қайта Астана болып ауысты. Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев өткен аптада осындай шешім қабылдап, Жарлыққа қол қойды. Астана атауының қайта берілуі тек биліктің ғана емес, бұқараның да басты талабы еді. Ел сүйіншілеген жаңалық жаңа Қазақстанның жарқын жолға басқан нық қадамының айқын көрінісі.


 Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған тарихи, әрі саяси шешімге байланысты сауалдарға Әділет министрі Қанат Мусин:
«Азаматтарға құжаттарын шұғыл түрде ауыстыру қажет емес. Астананың бұрынғы атауы көрсетілген құжаттар жарамсыз емес. Сондықтан қазіргі қолданыстағы құжаттар жарамды. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының филиалдары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттарды бұрынғы режімде қабылдайды. Қаражат жағына келсек, қалалық мәслихат қосымша шығын көп болмайтынын айтып отыр. Өйткені көшелердегі тақтайшаларды шұғыл ауыстыру қажет емес. Бұл жоспарлы түрде, бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Қазіргі таңда құжат айналымы цифрлы түрде жүргізілетіндіктен, оған қосымша шығынның керегі жоқ», – деді.

Бізге ең маңыздысы, ел астанасы алғашқы атауына қауышты. Келер жылы Астана қаласына 25 жыл толады. Ширек ғасырды артқан тастаған бас қаланың бүгінгі келбеті мен кемел келешегіне әлем қызғана да, қызыға да қарайды. Арқа төсінде, ерке Есілдің сағасындағы сұлу қаланың сымбаты мен сыры, қасиеті мен қыры көпшілікті тамсандырып келеді. Ақиқатын айтар болсақ, жаңа елорда біздің халқымыздың бойына азаттық сезімін, ертеңге деген асқақ арман мен қуатты рухани серпіліс сыйлады.

Астана – ұлт тарихындағы жасампаздықтың куәсіне айналған қала. Қазақстанның жаңа астанасының құрылысы бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ХХ ғасырдың соңындағы ең ауқымды жоба ретінде тарихқа енді. Ал Қазақстан – екі ғасыр тоғысында жаңа астана салған жалғыз ел. Аз уақыт ішінде елорда Қазақстанның әкімшіліксаяси орталығы ретінде қалыптасты.

Астана – арманшыл жас ұрпаққа жол ашқан қала. Сондайақ, бейбітшілік пен теңдік идеясын барша әлемге паш еткен қала. Елорда өзін халықаралық деңгейде Бейбітшілік және келісім қаласы ретінде танытты. Қазақстанның астанасында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Ислам ынтымақтастығы ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенімділік шаралары жөніндегі кеңестің маңызды іс-шаралары өтті. Онда қабылданған шешімдер халықаралық деңгейдегі тұрақтылық пен  қауіпсіздікке ықпал етіп келеді.

Елорда – бұл төл тарихымыздың жаңа беттерінің бастауы, айтулы жетістігіміз. Бұл ұлттың түбегейлі жаңаруының алғышарты, тәуелсіз қазақ мемлекеттілігінің темірқазығы.

Ат ауыздығымен алысып, ер етігімен су кешкен, ел басына күн туған қиын-қыстау замандарда Білге қаған бүй деген екен: «Баз кешсек – өкінерміз, жаңылыссақ – түзелерміз! Біріксең етті, елім!». Міне, бүгін іргеміз берік, бірлігіміз бекем, тереземіз өзге елдермен тең. Күллі жұрт таныған ажарлы Астана салуымыз соның нақты айғағы іспеттес. Бір сөзбен айтқанда, Астана – Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Ендігі меже жаңару жолындағы жаңа мүмкіндіктерді ел мүддесіне жолына жұмылдырып, әлеуметтік теңдікті тұтас ету. Бақуатты елге айналып, дамыған елдердің көшіне ілесу.
20 қыркүйек 2022 ж. 386 0