Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жолдауда жаңа міндеттер жүктелді

Жолдауда жаңа міндеттер жүктелді


Мемлекет басшысы Қ. Ж. Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жасады. Жолдауда «Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді.

 Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Бұл – негізгі талап» деп атап өтті. Өзімнің пікірім бойынша бұл талап өте орынды деп есептеймін. Себебі өткен жылдағы карантиндік шектеулер еліміздегі барлық кәсіпкерлердің табысына едәуір әсер етті.
Қазіргі таңда ең алғашқы кезекте кәсіпкерлерге қолдау білдіріп, салық түсімдерін арттырған жөн. Бұл жағдай өз кезегінде еліміздің әлеуметтік экономикалық жағдайын дамытуға, өсіп-өркендеуіне арналған нақты шешімдердің бірі болды. Біздер аға буын өкілдері Президентіміздің тапсырмаларын орындауға өз тарапымыздан қолдау білдіреміз.

Тақырбасов Өмірсерік Исабекұлы
Жаңақорған аудандық ардагерлер кеңесінің

05 қыркүйек 2022 ж. 501 0