№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Студенттер МӘМС жүйесінде медициналық көмек ала алады

Студенттер МӘМС жүйесінде медициналық көмек ала алады

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарына құжаттар қабылдау басталды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалына мемлекет МӘМС жарналарын төлейтін жеңілдікті санаттардың бірінің өкілдері ретінде студенттер үшін сақтандырылған мәртебесін алу мәселелерімен жиі жүгінеді.


Қор филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов біздің тілшімізге бұл мүмкіндік шетелде оқитын қазақстандықтар үшін қалай қарастырылғанын, сондай-ақ студенттердің неге кейде сақтандырылмайтынын түсіндірді.

Жеңілдік бойынша сақтандыру кімге беріледі?



 Шетелдік оқу орындарында оқитын қазақстандық күндізгі оқу нысанының студенттері МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлғалардың автоматты түрде жеңілдік мәртебесін ала алмайды. Ол үшін олар жүйеге өздігінен тіркелуі керек.
Ол үшін электрондық үкімет порталындағы egov.kz сервисін пайдалану қажет:
  • Ізденіс жолына келесіні енгізу: «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу».
  • Ашылған терезедегі өтінішті толтыру және оқуды растайтын құжаттарды қоса беру қажет.
  • Өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою.
  • Көптеген жағдайларда сақтандырудың жеңілдікті мәртебесі жолдарды дұрыс толтырған жағдайда 10 жұмыс күні ішінде беріледі.
5.    Егер сақтандырудың жеңілдікті мәртебесін беру көрсетілген мерзім ішінде орындалмаса, онда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық департаментіне жүгіну қажет. Әр семестр аяқталғаннан кейін сақтандыру мәртебесін тексеру және оқудың өзектілігін растау қажет екенін есте ұстаған жөн, өйткені дерекқордағы мәліметтер өзгеруі мүмкін.
 Кері байланыс
Өкінішке орай, күндізгі нысанда оқитын студенттердің барлығы МӘМС туралы заң бойынша өздерінің жеңілдік берілгендер санатында екендігін және МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды төлеулері қажет еместігін біле бермейді. Әсіресе шетелде білім алып жүрген студенттер. Сондықтан Қор мемлекет есебінен олардың МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебеге ие екендіктерін тағы да еске салады.
Егер студент көрсетілген тәсілдермен жеңілдік мәртебесін ала алмаса немесе мәртебесінен айрылып, оқу орнының қабырғасында шешім таба алмаса, онда ол өтінішті Қордың кеңсесі арқылы пошта арқылы жібере алады: kanc@fms.kz немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы. Қор өзіне жүгінген тұлғаға сақтандырылған мәртебесін беру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігімен, ҚР Сыртқы істер министрлігімен ынтымақтастықта қажетті жұмысты жүргізеді.
Егер сұрақтарыңыз болса, Қорға келесі қол жетімді байланыс арналары арқылы хабарласа аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 және Telegramдағы Saqtandyry-Bot мобильді қосымшасы.
Айгүл Аханова
30 маусым 2022 ж. 323 0