Оқушы денсаулығы ойлантады
“Дерт көп, ал денсаулық біреу” демекші, салауатты өмір салтын ұстану айтарлықтай маңызды мәселе. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, физикалық денсаулығын сақтау бағытында, қоршаған орта – табиғат ананы аялап, қадірлеуге һәм жоғары, сапалы білім алып, білімін іс жүзінде пайдалана білуге тәрбиелеу керек.
Оқушы денсаулығының сапасы неге байланысты? Мектеп жасындағы балаларға қандай қызметтер тегін көрсетіледі?
Мектеп жасындағы балаларға рентген, қан талдауының барлық түрі, стоматология, тері жағдайы, хирург, лор, окулист, невропотолог, терапевт, психиатр, психолог, нарколог сынды қызметтер тегін көрсетіледі.
Жаңақорған аудандық емхана химизаторы Өсерова Бибайым Шайхисламқызынан оқушылар арасында қай ауру жиі кездесетінін сұрадық.
– Алдымен ата-ана. Ата-аналар жиналысында балалардың салауатты өмір салтын сақтау мақсатында баяндамалар оқылып, денсаулықты нығайтуға және сақтауға байланысты ережелер мен кеңестер берілу керек. Білім сапасын арттырудың маңызды жағдайын жетілдіре отыра, сабақ үстінде оқушылардың денсаулығын сақтау барысында сергіту сәті мен психологиялық тренингтерді күнделікті сабақта өткізу пайдалы, себебі оқушылар сабақ үстінде көп шаршамайды және сергіту сәттерінен кейін серпіліп оқуға кіріседі.
Аида Әбсаттар