№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Тағайындау



Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының бұйрығымен 2022 жылғы 10 маусымнан бастап Дауылбай Мақсат Дауылбайұлы «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры лауазымына тағайындалды.

Мақсат Дауылбай 1996 жылдың 12 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.

2017 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетін «журналист» мамандығы бойынша бітіріп, 2020 жылы «гуманитарлық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесін иемденген.

Әр жылдарда Қызылорда облыстық филармониясында «сценарист», Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында» жетекші сарапшы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтында» жетекші сарапшы, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында бөлім басшысы, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының «Келешек жастар кеңесінің» төрағасы лауазымдары бойынша еңбек еткен.

Осыған дейін «Рухани жаңғыру» орталығы» КММ директоры лауазымында қызметін атқарып келді.
10 маусым 2022 ж. 451 0