Рәміздерім - мәңгілік елдің тұмары
Тәуелсіз елміз, іргесі берік Қазақпыз,
Кеңестік дәуір келмеске кеткен азапыз
Көгімде күнім, төрімде далам түрленіп,
Сәт сайын, өсіп шалықтап жатқан ғажаппыз.
Бақытты елміз тұғыры биік шоқтығы,
Байлығы асқан халықтың тіпті жоқмұны.
Мақсатты ұлдар Отаны үшін тер төгіп,
Қосылып шырқар Әнұранымызды тап бүгін.
Елтаңба болса символы елдің, бірліктің,
Игілік үшін бақытқа бастар тірліктің.
Керегесі кең, шаңырағы биік отаудың .
Есігі ашық, түрулі тұрар түңдігін.
Әнұранымыз жүрекке жалын от берер,
Жетіліп ұрпақ талай күндерді өткерер
Бірлігі мықты, ұйысқан елім, қашанда.
Ортақ отанның игілігі деп келер.
Желбірер көкте тербеліп желмен Көк туым,
Арманы асқан ұрпақта тіптан жоқ тыным.
Бүкіл әлемге танытып жүрген Көк туды
Көтере білейік сайпқырандардың шоқтығын.
Рәміздерім Қазақтың өшпес шырағы,
Мақтаныш болып алдыңнан дәйім шығады.
елді жаһанға жақын танытқан,
Рәміздерім, мәңгілік елдің тұмары. Файзулла Сахиев