Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәуелсіздік тәңір таңы, Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл

Тәуелсіздік тәңір таңы, Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл


Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.

Туған халқымыз тәуелсіздік алды.
Егемендік! Тәуелсіздік! Осыдан 30 жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты мағыналы екенін біз дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығарамыз.

Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз, Наурызбай, Ағыбайдай айбынды батырларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен күресіп құрбан болса, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді дуалы ауыз билеріміз қызыл тілдің арқасында ел тыныштығын сақтады. Сол заманнан бері азаттық, егемендік елімнің арманы болды. Халқының қамын жеген ата-бабаларымыздың қайсар ұрпағы 1986 жылы арман еткен тәуелсіздіктің, азаттықтың туын тікті.

Тәуелсіз ел болу дегеніміз- кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан –ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді , әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеуің деп білемін.Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізеді

Қазақ халқы бүгінгідей бақытқа қол жеткізу үшін қаншама қиын бұралаң жолдардан өтті десеңізші! Тарихымызды оқи отырып, ата-бабаларымыздың қайсарлығына, батырлығына сүйсінемін.
«Рухы – өр, тәні бекем» бабаларымыз туған жері үшін қасық қандарын аямай, жанын пида етіп, мына ұлан-ғайыр қазақ жерін кейінгі ұрпаққа аманат етті емес пе?! «Тәуелсіздік»...Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды.

Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді.

Жер бетіндегі қарапайым тірі жандарға зер салсақ та, олардың өз бетімен ешкімге бағынышсыз тіршілік етіп жатқанын байқаймыз, тіпті көк байрағымыздың символы болған қыран құс та аспанда еркін самғағысы келеді емес пе!

Қазақстан деген тәуелсіз топырақта бейбіт-тыныш өмір сүрудеміз.

Біз тәуелсіз елдің ұландарымыз. Қандай мақтаныш! Менің елімді бүкіл әлем таниды. Бұл тәуелсіздік-қазақ елінің мәңгілік тұғыры. Менің елімнің тұғыры бүгін өзге елдер тұғыры жанында кем емес.

Еліміздің тәуелсіздігі арқасында бізде де Азияда, Универсияда, Экспо секілді әлемдік маңызды шаралар ұйымдастырылды. Осы шараларда еліміздің көк туы аспанда қалықтап ән ұранымыз шырқалды.

Қазақстан тәуелсіздігіне -30 жыл. Ия, біз тәуелсіз елміз. Біздің өз шекарамыз,
өз заңдарымыз бар.

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет! Осы бір қасиетті де қастерлі ұғымға тұнып тұрған киелі атауды ата-бабаларымыз қаншама жылдар, жылдар емес-ау, ғасырлар бойы аңсамады десеңізші!.. Қазақстан – бұл бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ерекшеленетін ұлы мемлекет. Қанша еңбек, тер, қан, қуаныш және бейнет өткен ұрпақтар үлесіне тиді.

Қазақстан өзін күллі әлемге танытып үлгерді. Тәуелсіздігіміз жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғанда, осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенделердің тал бесіктен жер бесікке дейін өз қалауынша тіршілік ету бақыты пайда болды емес пе? Сол бақытты жандардың бірі-менің де осындай мемлекетте тұруым маған жарқын болашақ сыйлап отыр.

Басқалардың қолы жете бермейтін тәуелсіздіктің бізге келгені-үлкен мақтаныш, дәреже, бақыт. Шығыстан алтын күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы ескен осы кезеңнің баянды болатынына кәміл сенемін.

Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, біз үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Ендеше оңайлықпен келмеген Тәуелсіз елімізді, жерімізді,аспанымызды сақтап, қадірлеп жүрейік. Отанға деген патриоттық сезімдеріміз мұхиттай терең, аспандай кең болу керек.

Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін!

Жаңақорған аудандық сотының
судьясы
Эльдар Ескендірұлы Рысқұлов
14 желтоқсан 2021 ж. 3 356 0