№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғалымға құрмет көрсетілді

Ғалымға құрмет көрсетілді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ғалым Шанжархан Бекмағамбетовтің педагогикалық қызметіне 55 жыл толуына орай Гуманитарлық-педагогикалық институты Кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті.


Ғылыми кеңесте Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай ғалымның ғылым мен білім саласына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
  • Шанжархан Бекмағамбетов – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім мен ғылым, тәрбие беру қызметіне, кәсіби маман дайындау ісіне айрықша үлес қосып келе жатқан тәжірибелі ұстаз. Ғалым тіл теориясы, тіл генетикасы салалары бойынша ширек ғасырдан бері еңбек етіп келеді. Ол адамзат тілінің пайда болуы мен қызметі туралы жаңа ғылыми бағыт – генетикалық тіл ғылымының авторы болып есептеледі, – деді Жандос Нұртайұлы.
Айта кету керек, жиынға зиялы қауым өкілдері, университеттің ғылыми кеңес мүшелері қатысты.

Салтанатты шарада Шанжархан Бекмағамбетов ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының шешімімен Қазақстанның білім және ғылым жүйесінің дамуына қосқан айрықша үлесі және білікті мамандарды дайындаудағы ерен еңбегі үшін А.Байтұрсынұлы атындағы ордені, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Үздік оқытушысы» медалімен марапатталды.

Шанжархан Бекмағамбетов университетте «Құрмалас сөйлем синтаксисінің теориялық мәселелері», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы және жазу тарихы», «Генетикалық тіл біліміне кіріспе» пәндерінен дәріс оқыды.

«Қазақ тіліндегі түсіндірмелі қатынастағы құрмаластардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктері» атты оқу-әдістемелік құралдың, 50-ден аса ғылыми мақалалардың авторы.

Сондай-ақ, «Тілдік таным негіздері және тілдік символдар», «Тіл генетикасы: тілдік таңба-нышандық жүйе» атты ғылыми монографиялар мен «7 Лекций по теории генетической лингвистики» атты ЖОО студенттеріне арналған оқу құралдарын даярлады.
26 мамыр 2022 ж. 590 0