Соңғы жаңалықтар

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Халықтың басым бөлігі референдумды қолдап отыр - Ерлан Қарин

Халықтың басым бөлігі референдумды қолдап отыр - Ерлан Қарин


Қазақстан саясаттанушыларының Х конгресіне қатысқан Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин алдағы референдумды халықтың басым бөлігі қолдап

отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алдағы референдумның ерекшелігі, Президент өз өкілеттіліктерін кеңейтпейтін, керісінше, оның бір бөлігін биліктің басқа институттарына

бөліп беретін Конституциялық реформаға бастамашы болып отыр. Сондықтан бұл референдумның өтуіне билік мұрындық болғанына

қарамастан, мұны халықтық референдум деп айтуға болады. Бұған телеграмм-арналарда және қоғамның түрлі топтары арасында жүргізілген

сауалнамалар дәлел. Бұл қоғамның жаңаша бірігуінің, сондай-ақ, халықтың билікпен ынтымақтасуының айқын көрінісі», деді Ерлан Қарин.
20 мамыр 2022 ж. 470 0