№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ел тарихындағы жаңа белес

Ел тарихындағы жаңа белес

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев суперпрезиденттік модельден күшті Парламенті мен есеп беретін Үкіметі бар Президенттік модельге көшу арқылы, қоғамды одан әрі демократияландыра отырып, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің жаңа моделін құруды ұсынды. Бұл мемлекеттік билікті ұйымдастыру архитектурасындағы тұжырымдамалық өзгерістер қоғамды одан әрі демократияландырумен қатар Конституцияға өзгерістер енгізуді талап етеді. 2022 жылғы түзетулер аясында Конституцияның 33 бабына 56 түзету ұсынылып отыр.


Конституцияға сәйкес оның ең қымбат қазынасы – адам және адам­ның өмірі, құқықтары мен бостан­дық­тары. Халық мемлекеттік билік­тің бірден-бір бастауы және оны тікелей рес­публикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады.

Конституцияға түбегейлі өзгеріс­тер енгізілгендіктен, мәселен, Прези­дент Конституцияның 6-бабының 3-тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстарға халыққа тиесілі екенін енгізуді ұсынды. Сөзсіз, мұндай мә­се­ле жалпыхалықтық референдумда қаралуы керек.

Президенттің референдум өткізу туралы жариялауы мемлекеттік, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қабыл­дауға қатысу құқығы тек ха­лыққа берілетін жаңа саяси бағытқа баса назар аударады. Жүргізіліп жат­қан конституциялық реформа халық биліктің бірден-бір қайнар көзі және адам, оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы саналатын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ұстанған бағыттың беріктігін тағы да анықтады.

Шартты түрде түзетулерді үш топқа бөлуге болады. Түзетулердің бірін­ші тобы Президенттің өкілет­тік­терін шектеуге байланысты, екін­ші топ Парламентті күшейтумен, Пар­ламенттің жұмыс істеу тәртібін өз­герту­мен, заңдарды қабылдау тәр­тібін және есеп беретін Үкіметтің өзгеруі­мен байланысты. Ал үшінші топ демократиялық институттарды енгізу, қоғамды демократияландыру және адамның негізгі құқықтарын қорғаумен байланысты болып отыр.

Тұтастай алғанда, бұл саяси өз­герістер мен реформалар мемле­кет­тік басқарудың жаңа моделін құ­ру­ға бағытталған. Онда билікті ор­та­лық­сыздандыру демократиялық қағи­даттары, жаңа аралас сайлау жүйесі арқылы мажоритарлық жүйе бойынша сайланған Мәжіліс де­пу­таттарын кері шақырып алу құ­қы­ғы, Конституциялық сотқа және Қазақ­стан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүгіну құқығы бар халыққа елеулі рөл берілген. Түзетулердің бірінші тобына келетін болсақ, Президент атап өткендей партиялық құрылымдарды мемлекеттік аппаратпен біріктіру қажет емес. Саясаттағы монополия сөзсіз мемлекеттің деградациясына алып келеді.

Осыған байланысты би­лік тар­мақтарын қайта форматтау және заңнамаға мынадай өзгерістер енгізу ұсынылады.

Суперпрезиденттік үлгіден пре­зи­­денттік үлгіге көшу мақ­са­тын­да Пре­зиденттің өкілеттігі шек­теліп қана қоймай, бірқатар өкілеттік мүлдем алынып тасталды. Осылайша, Пре­зидент өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партия­лар­ға мүшелігіне белгіленген заңна­малық тыйым Президенттің сая­си партиялардан тең дәрежеде шет­тетілген мәртебесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл саяси пар­тиялардың тәуелсіздігін, кең саяси палитраны және пікірлердің саяси плюрализмін қамтамасыз етеді.

Партиядан міндетті түрде шығу туралы мұндай шектеулер Ор­талық сайлау комиссиясы, Рес­­пуб­ликалық бюджеттің ат­қары­луын бақылау жөніндегі есеп коми­теті, Конституциялық соттың төр­­аға­лары мен мүшелеріне де қатыс­­ты бол­ды. Мұндай тәсіл мемле­кет­­­тік ор­­гандардың саяси қыз­мет­тен ал­шақтауына және сая­си пар­тия­лардың түрлі саяси бағ­дарла­ма­лармен дұ­рыс бәсекелестігін қам­та­масыз етуге мүм­кіндік береді. Нәти­жесінде, қо­ғам­ның серпінді дамуы үшін әр­қашан оң нәтиже болады.

Қазақстанның аумағы орасан зор болғандықтан және облыс ор­талықтары бір-бірінен де, орта­лықтан да үлкен қашықтықта орналас­қандықтан, бикамералдық (қос палаталы Парламент) қағидатының сақталуы өте маңызды. Сондықтан мемлекеттік басқарудың тиімді болуы үшін әр өңірдің мүддесін ескеру маңызды. Парламентті күшейту мақсатында Мемлекет басшысы еліміздің жоғары өкілді және заң шығарушы органын: аралас сайлау жүйесін енгізу және Мәжілістің өкілеттігін күшейту; депутаттардың президенттік квотасын қысқарту және Сенаттың заң қа­был­дау жөнін­дегі өкілеттігін қайта қарау арқылы жетілдіру қажет екенін атап өтті.

Президент Конституцияға аралас сайлау жүйесін көздейтін түзе­ту­лер ұсынып отыр. Кез келген демократиялық елде халықтың саяси билік өкілдеріне деген сенімі саяси реформалардың кепілі. Сол себепті Президенттің сайлау жүйесінің аралас моделін енгізу қажеті туралы ұсынысы өте уақтылы енгізілді:

Мәжіліс Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша, біртұтас жалпы­ұлттық сайлау округінің аума­ғы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын тоқсан сегіз депутаттан тұратын болады.

Жаңа аралас сайлау моделі «еш­кімге жасанды артықшылықтар бермей» саяси саналуандықтың кең­дігін қамтамасыз етуге мүмкін­дік береді. Әрине, Жолдауда көрсетіл­ген көп­теген реформалау тетіктері Конс­­ти­туциялық заңдарды сәйкес келтіріп, қабылдауды талап етеді. Мәселен, 70% пропорционалды жүйе әртүрлі бағыттағы саяси партия­ларды кеңейту мүмкіндігін және олардың өкілдігін арттырады. Яғни Парламентте сая­си партиялардың саны артуы мүм­кін. Пропорционал­ды жүйе саяси саналуандықтың кең есепке алынуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол ұлтаралық келісімнің тұрақ­тылығын сақтауға ықпал етеді. Себебі партиялық тізімдерге аз этнос­тық топтардың өкілдері де қосылады.

Мажоритарлық сайлау жүйесі әртүрлі саяси партияларға айтар­лық­тай тиімді жұмыс істей ала­тын неғұрлым орнықты билік орган­­дарын қалыптастыруға мүмкіндік бере­ді (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Аустралия тәжірибесі). Бұл халық қалаулыларына ықпал етудің қо­сымша тетігі, себебі сайлауалды уә­де­­­­лерін тиісінше орындамаған жағ­­­­дай­да оларды кері қайтарып алу мүм­­кіндігі пайда болады.

Депутаттарды кері қайтарып алу рәсіміне толығырақ тоқталғым ке­леді. Бұл институт сайлауға қара­ма-қарсылық болып табылады. Заң­да белгіленген рәсімді қолдану нәти­жесінде сайлау мандатын алған адам одан айырылады. Кері қайтарып алын­ған депутатты ауыстыру мақ­сатында аталған сайлау округі бо­йынша жаңа сайлау өткізіледі. Кері қайтарып алу – депутаттың өз округі­мен тығыз байланысының көрінісі. Кері қайтарып алу бастамашылары, көбінесе, саны заңда белгіленген сайлаушылар топтары болады (АҚШ, Швейцария, Польша және Румыния тәжірибесі).

Мемлекет басшысы ұсынған аралас модель әмбебап әрі үздік әлемдік тәжірибені біріктіретін модель болады. Себебі сайлаушылардың да, партиялардың да мүдделерін ес­керуге мүмкіндік береді және жең­ген кандидаттың сайлаушылар ал­дын­дағы тікелей жауапкершілігін қалып­тастырады әрі Мәжіліс рөлінің күшейгенін куәландырады.

Президент Парламенттің палаталары арасындағы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің анағұрлым тиімді моделін ұсынды. Сенаттағы президенттік квотаны бақылау құра­лы емес, Парламентте өкілдері аз әлеуметтік топтардың үні мен ой-пікірін ескеру тетігі ретінде қарас­тыру ұсынылып отыр. Сондықтан Президент Сенаттағы президенттік квотаны 15-тен 10 депутатқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдады, оның бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргідей сайламайды, тек ұсынатын болады.

Осылайша, Президент Мәжіліс­тегі ҚХА квотасын жоюды ұсынды, ол Сенатқа ауыстырылып, 9-дан 5 де­пу­татқа дейін қысқартылады. Тиі­сін­ше, Мәжілістегі депутаттық орын­дар­дың жалпы саны азаяды. Бұл жаңа­лық Жоғарғы палатада әртүрлі этнос­тық топтарға мандаттар мен қосымша дауыстарды қамтамасыз етеді.

Сенаттың өкілеттігі Конститу­ция­лық соттың және Жоғары сот кеңе­сінің төрағалары лауазымына ұсы­ны­латын кандидаттарға келісім беру құ­қығымен толықтырылады.

Қолданыстағы конституциялық модель Сенатқа Мәжіліс мақұлдаған заң жобаларын қабылдау немесе қабылдамау құқығын береді, яғни мүдделер теңгерімі бұзылады, Мәжі­лісте Сенаттың қарсылығын еңсе­рудің нақты мүмкіндігі жоқ. Прези­дент ұсынған тетік Сенатқа Мәжіліс қабылдаған заңдарды тек мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын береді. Бұл өте қисынды, өйткені заң шығару бастамасы тек Мәжілісте іске асырылады және заңдарды қабылдау құқығы Мәжіліске ғана тиесілі болуға тиіс. Заң шығармашылығы процесінің тиімділігі мақсатында Палаталар арасында ықтимал келіс­пеушілік болған жағдайда келісу комиссия­сын құру рәсімі және осы келіс­пеу­­ші­лік­терді еңсеру рәсімдері көзделген.

Бұдан басқа Парламенттің рес­пуб­­ли­калық бюджеттің сапалы орын­далуын бақылаудағы рөлін күшей­ту ұсынылды. Осыған байланыс­ты, Жоғары аудиторлық палатаны құру және Палата төрағасының Мә­жіліс депутаттары алдында жылына екі рет есеп беру міндеті уақ­ты­лы. Әлемдік тәжірибе Пар­ламент­тің әрқашан бюджеттің бөлінуін ба­қы­лайтын негізгі орган реті­н­де әре­кет ететінін айғақтайды. Соны­мен қатар конституциялық өзгеріс­тер­ді талқылау аясында біз әр­түр­лі жағ­дайларды қарастырып, тал­қы­ладық, сондықтан дағдарыстық жағ­дай­ларда заңдарды қабылдау­дың ерекше тәртібі туралы норма ұсынылды.

Демократияның маңызды аспек­тісі – қоғамды одан әрі демо­кра­тия­лан­дырумен әрі қарай орталық­сыз­дан­дыру. Жергі­лікті өзін-өзі басқарудың мықты жүйесі жер­гілік­ті жерлерде, өңірлерде жер­гілік­ті маңызы бар мәселелерді сапа­лы, ұтымды, мүдделі түрде шешу­ге мүмкіндік беретін қоғамды демо­кра­тияландырудың анағұрлым мық­ты тетігі ретінде әрекет ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

Қолданыстағы модельде бар­лық рәсімді қолдана отырып, жеке ша­­ғымдарды қарау қарасты­рыл­маған. Атап айтқанда, бұл Конс­ти­ту­циялық сотқа тән. Бұл тұрғыда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен про­куратураның күшеюін атап өту маңызды. Адам құқықтары жөнін­дегі уәкілдің конституциялық мәрте­бе­сін бекіту елеулі демократия­лық қадамның бір белгісі. Азаматтардың құ­қықтары мен бос­тандықтарының кепілдіктерін кү­шейтудің тағы бір маңызды қадамы-өлім жазасын қолдануға тыйым салу. БҰҰ-ның адам құқықтарын қор­ғау сала­сын­­дағы жалпыға бірдей та­ныл­ған ха­лықаралық стандарттары­на және Қазақстанның халық­ара­­лық міндеттемелеріне сәйкес Конс­ти­туцияда өлім жазасын қол­­дану­ға ты­йым салынады деп көзделген. Осы­лайша, азамат­тардың іргелі құқық­тары мен бостандықтарын қор­­­ғау, Конс­титуциялық сот институтын қайта жаңғырту, Адам құқықтары жө­нін­дегі уәкіл мен прокуратураны кү­­шейту, Қазақстанды ең қымбат қа­зы­насы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бос­тандықтары болып табы­латын демократиялық, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнықтыруда оң рөл атқарады. Осы блок бойынша Конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын әзірлеу 2022 жылғы тамызда көзделеді.

Конституциялық реформалар адам құқықтары мен бостан­дық­тары­ның басымдығы қағидатын іске асыруға, биліктің бірден-бір бас­тауы халық болып табылатын демо­кратиялық, құқықтық, әлеу­меттік мемлекетті нығайтуға бағыт­талған. Ал мемлекеттің одан әрі дамуы әрбір қазақстандықтың белсенді азаматтық ұстанымына және оның жауапты көзқарасына байланысты.
 
                                                                                                                  Балайым КЕСЕБАЕВА,
                                                                                                                Мәжіліс Төрағасының орынбасары


16 мамыр 2022 ж. 307 0