Сымбаттың сиқырлы кілті
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына ұсынылған үміткерлер жарнамаланып жатқан кез еді. Сыр өңірінен осы атаққа лайық деп танылғандар арасында есімі көпке беймәлімдеу Сымбат Әбдірахманова да жүрді.
Өмірбаянына үңілгенде білгеніміз, Қызылорда қаласында дүниеге келіп, №12 І. Қабылов атындағы орта мектепті бітіріпті. 2005-2009 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университетінде білім алған. Кейін осы оқу орнында магистратураны аяқтап, Иран Ислам республикасының «Таботабои» университетінде білімін жетілдірген. Бізді қызықтырғаны – аудармашы, психолог Сымбаттың тіл мүкістігі бар балалар үшін мультфильм дайындайтындығы. Жарағы жеткілікті, студиясы сайлы жігіттердің өзі елге пайдалы дүние әзірлеу үшін мемтапсырысқа көзін сатып отырғанда бір үйдің қазанын қайнатып, балаларын тәрбиелеп, азаматының жағдайын жасап отырған келіншектің мультфильмдерді тегін әзірлейтініне қайран қалғанбыз. Сөйтіп біз де додаға қосылған Сымбаттың озып шығуына тілектестер қатарына қосылдық. Сол жылы Сымбат Нұртазақызы жоба жеңімпазы атанды.
– Білесіз бе, үздік 100 жастың қатарына қосылғаннан кейінгі әуелгі кездесулерде кәдімгідей жүрексінетінмін. Кейін бойым үйреніп, ойымды еркін айтатын болдым. Негізінен бізбен кездесуге келетін жастар ғой. Олардың арасынан түрлі тағдыр иелерін көресің. Сондайда менің психологтығым жеңіп кетеді. Жаңағы замандастарыма сәл де болса көмектескім келіп, іздене түстім, – дейді Сымбат.
Әдетте елдің алдында жүрген танымал жандардың өмір жолдары бір-біріне ұқсас келеді. Көпшілігі бала кезінен жатпай-тұрмай оқып, соның арқасында қалаған оқуына түсіп, көп ұзамай дегеніне жетіп жатады. Ал Сымбаттың соқпағы сәл басқаша өрілді.
Мектепте қарапайым оқушылардың бірі болыпты. Құрбылары сахнадағы әнші, бишілерді түгелдеп отырғанда Сымбат өзін болашақ өнертапқыш немесе ғалым ретінде елестететін. Ешқашан жұртқа билік айтатын басшы болсам деген емес, есесіне жаны ләззат алатын іспен айналысқысы келетін. Мектеп бітіретін жылы қатарластарынан қалыспай, дайындық курстарына қатысып, ҰБТ-дан жоғары ұпай жинады. Бұл Сымбатқа ерекше сенім сыйлады және жетістікке жетуде «Бір пайыз талант, 99 пайыз еңбек» дегеннің дұрыстығына көз жеткізді.
– Өз басым сәттілік дегенге сенемін. Мысалы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына менімен қатар 96 адам ұсынылыпты. Солардың арасынан ел таңдауы маған түскені жауапкершілік жүктеді. Мектеп бітірген жылы ҰБТ-дан қанша жоғары ұпай алдым дегенмен өзім таңдаған мамандыққа түсе алмайтынымды білдім. Алматыға жете сала киоскіден осы «Егемен Қазақстан» газетін алып қарасам, менің ұпайыммен түрік, парсы тілдеріне аудармашы мамандығына грант бойынша түсуге болады екен. Сонымен, парсы тіліне құжат тапсырдым. Елімізде парсы тілін білетіндер аз болғандықтан екінші курстан бастап елшілікте жұмыс істедім, – дейді Сымбат.
Оқуын бітіріп, Қызылордаға оралды. Облыстық оқу орталығында әлеуметтік педагогикалық қызмет бағытында жұмыс істей жүріп, қиын балалар тәрбиесіне араласты. Осылайша, психолог мамандығын игерді. Жұмыс барысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қазақ тіліндегі еңбектердің аздығын байқайды. Біраз уақыт өзін мазалаған осы мәселенің шешімі ойда жоқта табылды. Бірде кішкентайларының «Саяхатшы Дара» мультфильмін қызыға көретінін байқаған ол осындай дүние жасап көруге бел буады. Ғаламторға қадалып отырғандағы еңбегі еш кетпеді, танымдық сұрақ-жауапқа негізделген мультфильмді дайындап болғанда арқасынан бір ауыр жүк түскендей болғаны есте.
Дамытушы мультөнімдерден бөлек Bilim Foundation қоғамдық қорының демеушілігімен Сымбат «Сиқырлы кілт» анимациялық мультфильмін әзірлеп шығарды. Туған өңір тарихы мен киелі жерлерін, сұлу табиғаты мен ғажап тұлғаларын насихаттау үшін дайындалған мультфильмді әзірлеу барысында үздік педагогтер мен тарихшылар кеңесіне жүгінді. Көп ұзамай тапсырыс негізінде «Отпен ойнама, балақай» танымдық мультфильмін де кішкентай көрермендер назарына ұсынды.
Қазір Сымбат Нұртазақызы «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» атты дамытушы мультфильмдер сериясының, «Компьютерлік психодиагностика», «Логоритмика» әдістемелік құралының авторы ретінде танымал. «Суицид превенциясы» атты жоба жасаған ол 2016 жылы Испанияда өткен 16-шы «Суицид және суицидалды әрекет» тақырыбындағы Еуропалық симпозиумда «Қазақстандағы кәмелетке толмағандар арасында суицидтердің алдын алу: Қызылорда облысының тәжірибесі» деп аталатын баяндама жасап, әлем сарапшыларының оң бағасын алды. 2019 жылы БҰҰ балалар қоры мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Оңтүстік Африкада өткен халықаралық сарапшылар отырысына қатысып, жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алудағы тәжірибесін таныстырды.
– Жуырда ғана өмірден өтіп кеткен әкем Нұртазаның, біздің амандығымызды тілеп отырған анам Қалдыгүлдің сенімін ақтағаныма қуанамын. Әкем ғұмырын білім саласына арнаған адам еді. Менің жетістігіме балаша қуанып, бағыт-бағдар беріп отыратын. Алдыма мақсат қойып, соған жетуге талпынған маған жылы сөзін айтып, жігерлендірген жақындарыма, барша тілеулестеріме алғыс айтамын, – дейді балаларды сиқырлы әлемге жетелеген Сымбат.
Қызылорда