Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: ЖАҢА ҚАДАМДАР

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: ЖАҢА ҚАДАМДАР

«АMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен құрылған мобильді қоғамдық қабылдау өз жұмысын Жаңақорған ауданында жалғастырды. Мақсаты –азаматтармен кері байланысты күшейту. Партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған мобильді топ ауданнан шалғайда орналасқан Қандөз ауылдық округіндегі  тұрғындардың өтініш, шағым және талап-тілектерін тыңдап, өз бақылауларына алды.
Партияның кезектен тыс ХХІІ съезде «Аmanat» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым жұмысын қайта құруды тапсырып, қоғамдық қабылдау бөлмелері тек ша­ғымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салатын орынға айналуы тиіс екенін атап көрсеткен болатын. Тіпті депуттаттар мен сала басшыларына, қала, аудан әкімдеріне көшпелі қабылдауды жиі өткізіп, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесуді күн тәртібінен түспеуі тиіс басты мәселе етіп қоюды тапсырды.
Міне, осыны назарға алған облыстық партия филиалының саяси мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары Нуриддин Әмитов пен Бақдәулет Махашов пен әр саладан келген облыстық басқарма бөлімінің мамандары мен аудандық мәслихат депутаты Әсем Тлеубергенова мобильді қоғамдық қабылдау барысында айтылған барлық мәселелерге ерекше көңіл бөліп, тұрақты түрде жұмыс істейтіндіктерін жеткізді.
Ал өз кезегінде ауыл тұрғындары негізгі мәселе ретінде тоқ көзінің жетіспеуіне байланысты электр бағаналары мен желілерін өзгерту,трансформаторды жаңалау керектігін айтты. Сондай-ақ ауыл ішіндегі 10 вольттық кернеудегі электр желілерінің әр жерден үзіліп әбден тозығы жеткендігі, әсерінен ток көздерін жоғалту көптеп орын алатыны, осыған байланысты электр желілері ауыстырылса деген өтініштерін де жеткізді. Ауыл халқы сонымен қатар елді мекенді газдандыру мәселесі мен ауыл ішінде көшелерді қиып өтетін жолдарға тас төселсе деген мәселені де көтерді.
Мобильді қоғамдық қабылдаудың өкілдері осы күні Қандөз ауылында 50-ге жуық азаматтың өтінішін тыңдап, біршамасына қабылдау кезінде нақты жауаптарын берсе, қалған түйіткілді мәселелердің тізбесін жасап, партия өз бақылауына алды. Ал қалған мәселелер бойынша сала мамндары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, өтініштердің оңтайлы шешілуі жолында нақты жұмыстар жүргізетінін айтты.
Қоғамдық қабылдау барысында дер кезінде шешімін тапқан мәселе де тіркелді. Көктөбе ауылындағы №89 негізгі мектеп асханасында жұмыс жасайтын Жанат Мықтаева жалақысы Мемлекет басшысынының 2022 жылға бекіткен ең төменгі көнкөріс табыс көзіне сай келмейтінін, айлық табысының 35 мың теңге екенін айтып шағымданды. Аталған мәселе аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимовтың назарына ұсынылып, нәтижесінде кәсіпкер мен жұмысшы арасындағы келісім-шарт қайта жасалып, арызданушының айлық табысы 60 теңге болып бекітілетіні белгілі болды.
–Ауыл тұрғындары партияның аудандық немесе облыстық филиалына әрда­йым келе бермейді және оларға мәселені облыстық мәслихаттағы партия фракциясының депутаттарына жеткізу оңай емес. Біз түйінді мәселелерді алға тартып келуін күтіп отырмай, оларға өзіміз келуді жөн санадық. Ал бұл дегеніміз шалғай ауылдардың проблемаларын назарға алып, сол бо­йынша жүйелі шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, – деді аудандық «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Арман Мәжитов.
Арман Әбілпейісұлының сөзінше, әрбір өтініш бойынша жауапты тұлғалар мен орындау мерзімдері белгіленген. Осы үшін партиялықтар халықпен тікелей диалог орнатуға, олардың талап-тілектері мен сұраныстарын тыңдауға келді. Мұндай кездесулерді мүмкіндігінше жиі ұйымдастыруға, тұрғындар көтерген әрбір мәселе жіті бақылауға алынып, тиісті орындар арқылы оңтайлы шешілуі партия филиалының үнемі назарында болатынын тілге тиек етті.
Лаура БИБАСАРОВА
29 наурыз 2022 ж. 327 0