№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Тапсырма сапалы орындалуымен маңызды

Тапсырма сапалы орындалуымен маңызды

Жылда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауын жолдағанда «қандай жаңалық бар?» деп назар аударатынымыз рас.
Бұл жолғы Жолдауда елдің әлеу­меттік-экономикалық, саяси даму бағытын айқындап, межелі жоспар құрып, оны орындаудың жаңаша тәсілдерін көрсетіп берді. Тек мұнайға сеніп отыратын уақыт өтті, енді экономиканы әртараптандыру мен технологияға негізделген экономика құру арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру қажеттігін баса айтты.
Әсіресе, әлемдік пандемия есең­гіретіп отырған кезеңде әрбір мем­лекеттің экономикалық кедер­гі­лерге қарамастан дамуы маңызды болып тұр. Осындай сын сағатта бар күш-жігерімізді бір бағытқа біріктіргеніміз нәтижесін беруде. Президент айтты, біз табандылық пен зор жауап­кершілігіміздің арқасында үлкен қиын­дықты еңсердік. Енді алдымызда тұрған басты міндет – экономикалық дамуды ілгерілету, жұмыс орындарын ашып, халықтың табысын арттыру. Жолдауда осы және өзге де айтылған мәселелер бойынша Үкіметке тапсырмалар берілді.
Жолдауда білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қаржы секторы басқа да салалар бойынша тың жаңалықтар көп. Сондай-ақ, қалай біртұтас ұлт боламыз, дамудың қай жолымен жүрген дұрыс деген дүдәмал ойларға тұшымды жауапты да осы Жолдаудан табуға болады. Ең басты мәселе, біз білімді ұрпақ тәрбиелеп, қалыптастыруымыз керек. Олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бұру маңызды.
Жолдауда көтерілген көп мәсе­ленің орындалуына байланысты маңыз­ды­лығы артады. Мемлекет басшысы берген тапсырмалар уақтылы әрі сапалы орындалса, елдің тұрмыстық жағдайы көтерілер еді.
Жамұр МҮСЛІМ,
қаржы саласының ардагері
10 қазан 2021 ж. 266 0