№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Қиындықта ел бірге»: Маңғыстау мен Аралға 7500 түк шөп жіберілді

«Қиындықта ел бірге»: Маңғыстау мен Аралға 7500 түк шөп жіберілді

Құрбан айт қарсаңында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Қиындықта ел бірге» арнайы қайырымдылық жобасы құрылып, Маңғыстау және Қызылорда өңірлеріндегі қуаңшылыққа байланысты республика имамдары асар ұйымдастырды.

Қысылтаяң кезеңде ҚМДБ-ның әр облыстағы өкілдіктері Маңғыстау мен Арал аймақтарына қолдау көрсетуге көпшілікті жұмылдырды. Әр өкілдіктің бас имамдары арнайы асар жариялап, жамағаттың демеушілігімен қаражат жинады.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бастамасымен аймақ мешіттері 2 миллион теңге жинап, басқа облыс мешіттерінен 4 050 000 теңге қаражат түсті. Жалпы көлемі 6 050 000 теңгеге 7500 түк шөп сатып алып, аманатты қабылдап алған Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы бастаған имамдар Ырғыз ауданынан Қызылорда облысының Арал өңіріне 2500 түк шөпті 3 камаз көлігіне артып жіберді. Ал қалған 5000 түк шөпті Темір ауданы, Шұбарқұдық станциясы темір жол торабы арқылы 7 вагонға тиеп, Маңғыстау облысы Бейнеу станциясы, Шетпе станциясы және Жаңаөзен қаласына аттандырды. Ары қарай аманатты қабылдап алып, мұқтаж аймақтарға шөпті жеткізу ісі Қызылорда және Маңғыстау облысы имамдарына табысталды.
Ал Арал ауданына келіп жеткен көмектің алғашқы легін Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы өзі тапсырды. Аудан әкімі Серік Сермағанбетов Бас мүфтидің бұл бастамасына ризашылығын жеткізіп, Арал ауданы халқының атынан алғыс білдірді.
Қайырымдылық жобасына еліміздің дін қызметкелері мен «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдерінен бөлек жергілікті жамағат та атсалысқанын айта кеткен жөн.
26 шілде 2021 ж. 515 0