Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 47

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңақорған аудандық соты БАҚ қызметкерлерін құттықтайды

Жаңақорған аудандық соты БАҚ қызметкерлерін құттықтайды

Құрметті өңірлік "Жаңақорған тынысы" газетінің ұжымы Сіздерді ақпарат қызметкерлерінің күні – кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында қоғамдық пікір қалыптасады, оған әлеуметтік тұрақтылық және татулық тәуелді.
Сот қызметінің нәтижелерін жариялауға қатысып, аудандық соттың имиджін көтеріп қана қоймай, аймақтағы заңдылықты нығайтуға және халықтың жоғарғы құқықтық мәдениетінің дамуына жағдай жасап отырасыздар. Осылайша мемлекетімізде бейбітшілік пен татулықты күшейтуге лайықты үлес қосудасыздар.
Тәуелсіздік шежіресіндегі тарихи сәттерді жан-жақты сараптап, халыққа шынайы ақпарат жеткізуде БАҚ өкілдерінің үлесі зор.
Ел өміріндегі саяси науқандарда белсенділік танытып, қоғамдық келісім мен ұлтаралық тұрақтылықтың сақталуына сіңірген ерен еңбектеріңізді арнайы атап өткіміз келеді.
Коронавирус індетіне қарсы жарияланған төтенше жағдай кезінде де ақпарат майданының алғы шебінен табылып, өз ісіне адалдық танытудың жарқын үлгісін көрсеттіңіздер.
Мерейлі мерекеде ақпараттық қолдауларыңыз үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, сарқылмас қуат, ұзақ өмір және шығармашылық табыс тілейміз.
Ізгі ниетпен Жаңақорған аудандық сотының ұжымы
27 маусым 2020 ж. 375 0