Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бір тамшы қан – өмірге араша

Бір тамшы қан – өмірге араша

Барлық емдеу мекемелерін қан және оның компоненттерімен қамтамасыз ететін қан орталықтары бар. Осы ұйымның қызметін қамтамасыз ететін қан донорлары жайлы біреу білсе, біреу білмес. Өйткені, олардың ерікті түрде атқаратын ісі көзге көріне бермейді.
Қан және оның компонентттері донорлығы жеке тұлғаның өз еркімен жасайтын іс-әрекеті. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде ақылы және ақысыз түрде қызмет көрсетіп жүрген қан донорлары бар. Жыл сайын донорлар тапсырған қан миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай, өткен жылы республика бойынша 80 мыңнан астам науқасқа 360 мың рет қан құйылған.
Донор дегеніміз – емдік мақсаттар үшін қан мен оның компоненттерін тапсырушы жеке тұлға. Қан донорлары міндетті медициналық тексерулерден өтіп тұрады. Қан тапсыру аралығы – 60 күн және жылдық қан тапсыру ер азаматтар үшін жылына 5 реттен, ал әйел азаматшалар үшін 4 реттен аспауы тиіс. Бес рет қан тапсырғаннан кейін қан донорларына 3 ай донорлық демалыс ұсынылады.
Өмір болғасын неше түрлі қиын жағдайлар орын алып жатады. Жол көлік апатына ұшыраған ауыр жағдайдағы науқастарға, күйікке шалдыққандарға, ауыр босанғандарға және т.б ауыр жарақаттар бойынша ота жасалған науқастарға қан құю қажеттілігі туындайды. Осындай сәтте донорлардың тапсырған қаны пайдаланылады.
«Бір тамшы қан – өмірге араша» немесе «бір донор 3 адамды құтқарады» деген қағида осыдан туындаса керек-ті. Тіпті қан донорлары өздері тапсырған қандарының кімдерге пайдаланылып жатқанын да білмейді. Сондықтан ерікті түрде қан тапсыру арқылы талайдың өмірін аман алып қалуға лайықты үлес қосып жүрген донорлар құрметтеуге лайық.
Біздің ауданымызда өз еркімен қан тапсыратын және осы қызметі үшін ақы талап етпейтін азамат бар. Ол – Серік Ибрагимов. Иә «өзгелердің өмірі үшін» ұранымен 185 рет қан тапсырған жерлесіміз, ардагерлер арасында гір тасын көтеруден бірнеше дүркін Әлем және Еуропа чемпионы, «Құрметті донор» белгісінің иегері. Оған алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
– Қан тапсыру адам ағзасына пайдалы. Ең бастысы, қаншама адамның денсаулығы жақсаруына қол ұшымды беремін. Әрі мұны мақтан етпеймін, азаматтық міндет деп қабылдаймын, – дейді Серік ағай.
Серік ағамыздан үлгі-өнеге алар жас донорларымыздың қатары көбейе берсін демекпіз. Қан тапсырудың денсаулыққа да пайдасы мол. ДДҰ-ның мәліметінше, тұрақты түрде қан тапсыратындардың өмірі де ұзара түседі екен.


Айна САТАЕВА,
аудандық аурухананың трансфузиология
бөлімінің мейірбикесі

13 маусым 2020 ж. 591 0