№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 42500 тг. әлеуметтік төлемақыны ЭЦҚ-сыз алуға болады

42500 тг. әлеуметтік төлемақыны ЭЦҚ-сыз алуға болады

42500 тг. әлеуметтік төлемақыны ЭЦҚ-сыз алуға болады

Ол үшін пайдаланушы:

1. eGov порталының алғашқы бетіндегі Сервистер бөлімінен "ТЖ кезінде 42500 теңге төлеу" қызметін таңдаңыз.

2. Жүйеге кіру үшін ұсынылған нұсқалардың ішінен ЖСН мен телефон нөмірін енгізе отырып, "Бір реттік құпия сөзді" таңдаңыз.

3. SMS арқылы келген сандар комбинациясын енгізгеннен кейін, "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.

4. "Өтініміңіздің өңделу үстінде" екені туралы ақпарат көрсетіледі.

5. Нәтижені порталдағы Жеке кабинетіңізден көре аласыз.

❗Егер жүйе сіздің мобильді азаматтар базасында тіркелмегеніңізді хабарласа, сол бетте көрсетілген сілтеме арқылы тіркелу керек.

Тіркелу не үшін қажет?

Сізге тиесілі әлеуметтік төлемге өзге бiреу ие болмауы үшін Жүйеге телефон нөміріңізді көрсету арқылы өзіңіз екеніңізді растайсыз.

Мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін сізді бейнеқоңырау арқылы ХҚКО операторымен байланыстырады, ол сіздің нөміріңізді базаға енгізеді.

Осыдан кейін, сіз бір реттік құпия сөз арқылы өзіңіз екеніңізді растап, қызметті алу үшін жоғарыда сипатталған қадамдарды орындай аласыз.

©️ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
03 сәуір 2020 ж. 1 431 0