№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жаңақорған аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Жаңақорған аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Жаңақорған аудандық сотында 2019 жылдың 31 шілдесінде «Ашық есік күні» шарасы аудандық соттың төрағасы Ә.Б.Түбекбаеваның қабылдауымен өтті.
«Ашық есік күні» - халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру мақсатында өтеді.
Шараға азаматша Ж. келіп, тұрғын үйіне қатысты ағайындар арасында дау шыққанын, құжаттағы қателік үшін ағайындар бір бірімен дауласып сергелдеңге түскенін, шытырманға толы мәселеде заң аясындағы шешілу жолдары мәселесімен жүгінді.
Аудандық соттың төрағасы Ә.Б.Түбекбаева қойылған сауалға сәйкес заң талаптарын түсіндірді.
Судьялардың халықпен жүздесуі  азаматтарға дәйекті жауап  алуға, әділ сот төрелігіне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
02 тамыз 2019 ж. 809 0