Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Өркендеу өзегі – сындарлы диалог

Өркендеу өзегі – сындарлы диалог


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауынан туындаған басымдықтарды насихаттау – елдік іс. Жақында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Жолдауда айтылған сот жүйесін жаңғыртудың жаңашыл бастамалары тақырыпқа арқау болды.

Алқалы жиынға судьялар, проку­рор­лар, адвокаттар, медиаторлар мен заңгерлер қатысты. Басқосуды ашқан «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында елдің жаңа стратегиялық даму бағытын айқындап бергенін тілге тиек етті. Әрі Заң үстемдігін қамтамасыз етуде, сот жүйесіне жүктелген міндет жеңіл емес екенін атап өтті.
Өз кезегінде аудандық соттың төрағасы Әлия Түбекбаева қоғамда қызу талқыға түскен «Шетелдіктерге жер сату» мәселесі де Жолдауда көрініс тапқанын, жердің шетелдіктерге сатылмайтыны құр сөз емес, мемлекеттің стратегиялық ұстанымы екенін айрықша атап өтілгенін жеткізді.
– Бүгінгі таңда Қазақстанда сот билігі нығайып, беки түсті. Нәтижесінде дау-дамайлар сотқа жеткізілмей-ақ, бітімгерлік жолмен шешілуде. Десе де, Президент Жолдауында аталған жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы мен әйелдерге, әсіресе балаларға қатысты тұрмыстық-зорлық зомбылықтың жауапкершілігін тез арада қатаңдату тапсырылған болатын. Оған қоса, сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажеттігі және судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие екенін атады. Әрі сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру қажет екендігі аталды, – деді Әлия Түбекбаева.
Сондай-ақ сот төрағасы «Отбасылық сот», «Smart-sot», «Татуласу, сотқа дейін, сотта» пилоттық жобалары мен «Билер кеңесінің» жұмысын да атап өтті. Яғни, соттың ашықтығы мен жариялылығы және сот жүйесіне деген халықтың сенімін арттыру мақсатында жасалып жатқан жаңашылдықтарға тоқталды.
– Мемлекеттік «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Сот кабинеті» сервисі енгізілген. Онда азаматтар талап-арыздарын, адвокаттар аппеляциялық шағымы мен істі кейінге қалдыру жайлы өтінішін осы қосымша арқылы жүзеге асыра алады. Ал ауылдық округтегі сотқа қатысушылар интернетті игілігіне икемдеп, бейнекамера арқылы сот процесіне қатыса алады. Оған қоса, ІІО бейнебайланыс орнатылып, онда санкцияланған азаматтар сол жақтан сот процесіне қатысады, – деді Әлия Түбекбаева.
Қазіргі таңда ауданда медиация инстиуты жолға қойылған. Сот төрағасының айтуыyша, қазіргі кезде аудандық соттың ғимаратында 5 және кент әкімдігінде 2 медиатор жұмыс жасайды. Оған қоса, медиатор Ақылбек Жәнібеков жетекшілік ететін «Татуласу» орталығында да шағымданушылардың мәселелерін сотқа жеткізбей шешімін тауып жатқан жайы бар.
Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Серік Мұсабай қоғамдағы құқық бұзушылық, сыбайлас жемқорлық және ауыз суға байланысты орын алған бірқатар мәселелерді алға тартты. Алқа соңында Мәжит Балқожаев кентте орын алған мәселелерді партия бақылауына алып, айтылған ұсыныс пікірлер жергілікті билік өкілдеріне жеткізілетінін тілге тиек етті.

Майра ҒАНИЕВА
13 қараша 2019 ж. 711 0