Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Фенді қолданудың жолдары

Фенді қолданудың жолдары

Фенді жуынып шыққан соң, асыққанда шаш кептіруден басқа да жағдайларда қолдануға болады.
Затбелгі немесе жапсырмақағазды алу
Қатты жабысып қалған затбелгіні алу керек болса, фенмен қыздырыңыз. Қыздырылған желім икемге келе бастайды, сол кезде жабысқақ қағазды жеңіл алып тастайсыз.
Жиһаздан балауызды кетіру
Егер сіз майшамды жиһазға немесе еденге ағызып алсаңыз, оны алудың жеңіл бір жолы қыздыру. Жұмсару үшін фенмен үрлеңіз, кеуіп кетпей тұрып жылдам сүртіп алыңыз.
Төсекті жылыту
Егер отбасы мүшелерінің біреуі суық төсекке жатқанды ұнатпаса, көрпені күрке етіп қалқалап қойыңыз. Содан соң шетіне фенді қосып, қыздырыңыз. Ескерте кететін жайт, фенді қосулы күйінде қараусыз қалдырмаңыз, толықтай көрпемен жауып тастамаңыз. Себебі қатты қызып кетуі феннің бұзылуына немесе өртенуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Джинс шалбарды кеңейту
Егер сіздің джинс шалбарыңызды жуған соң, тар болып қалса, фенмен шалбарыңызды қыздырыңыз.
Жаңа аяқ киім
Арнайы аяқ киім кептіруге арналған құралдар қолданған, әрине, жақсы. Бірақ ол әр үйден табыла бермейді. Мұндай жағдайда не істейміз? Аяғыңызға қалың шұлық киіп алыңыз. Аяқ киімге май немесе майлы крем жағыңыз. Содан соң сол аяқ киімді киіп, аяғыңызды қатты қысып тұрған жерлерді сыртқы жағынан фенмен қыздырыңыз.
Мұздатқыштың мұзын еріту
Мұздатқышты тазарту кезінде мұзын жылдам еріту қажет болса, фенмен қыздырыңыз. Жоғарыда айтылған қауіпсіздік ережесін сақтаңыз. Фенді қараусыз қосулы қалдырмаңыз. Еріп жатқан мұздың суы фенге тиіп кетпеуін бақылаңыз.
07 қараша 2019 ж. 684 0