Асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы
Асыраушысынан айырылған отбасылар 2019 жылы:
Бір балаға – 25 541 теңге;
Екі балаға – 44 250 теңге;
Үш балаға – 54 941 теңге;
Төрт балаға – 58 208 теңге;
Бес балаға – 60 286 теңге;
Алты және одан да көп балаға – 62 663 теңге алады.
Егер асыраушысы жұмыс істеген болса, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан да ақша төленеді.
Атаулы әлеуметтік көмек және мемлекетпен келісімшарт
2018 жылы аз қамтылған отбасыларға жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның көлемі балаларды қосқанда отбасының әр мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ын құрайды (14 850 теңге). Жаңа ережеге сәйкес, қазақстандықтар жарты жылға төленетін соманы бірден ала алады.
Мемлекет ақша төлеп қана қоймай, отбасының еңбекке қабілетті мүшесімен жарты жылға әлеуметтік келісімшартқа отырады. Оны оқыту курстарына жібереді, кейін жұмысқа орналастырады. Тіпті шағын несие де беруі мүмкін. Келісімшарт тараптары оқыту және жұмысқа орналастыру ұсыныстарынан бас тартпауы керек. Бас тартқан жағдайда айыппұлдар салынады, атаулы әлеуметтік көлемі 50%-ға қысқартылады (отбасының қалған мүшелері жәрдемақыны бұрынғыша ала береді). Екінші рет бас тартса, ол адам жәрдемақы алушылар қатарынан шығарылады. Егер отбасында еңбекке қабілетті бірде-бір адам болмаса (мәселен, бірнеше баласы бар жалғызбасты ана), көмек сөзсіз тағайындалады. Ешқандай әлеуметтік келісімшарт жасасудың қажеті жоқ.