ҚАЛА КҮНІ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАДЫ?
Жыл сайын 15 қыркүйекте Алматы тұрғындары Қала күнін тойлайды. 14-20 қыркүйек аралығында қалада мереке аясында II Халықаралық Almaty Film Fest кинофестивалі өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігін ресми сайтында хабарланды.
Фестивальдің ұраны – «Мәдениеттерді жақындастыру». Кинофестиваль аясында 7 күндік бағдарлама қарастырылған. Шараның ашылу салтанатында қызыл жолмен отандық киноиндустрияның және әлемге әйгілі жұлдыздар жүріп өтпек.
Жабылу рәсімі кезінде 5 негізгі номинация бойынша марапаттау өтеді:
• Кинофестиваль Гран-приі;
• Үздік режиссер;
• Үздік актер;
• Үздік актриса;
• Қазылар алқасының арнайы жүлдесі; • ЮНЕСКО-ның арнайы сыйлығы.
Фестиваль аясында өтетін бизнес-форум алаңдарында дөңгелек үстелдер, панельдік пікірталастар, әлемдік киноиндустрияның жетекші өкілдерімен, қазақстандық кинематографистер мен бейінді киноакадемиялар және жоғары оқу орындарының түлектерімен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Өзге елдерден келген киноиндустрияның кәсіпқойлары өз тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанның киноиндустрия өкілдерімен жаңа іскерлік байланыстар орнатады. "ALMATY FILM FESTIVAL" іскерлік алаңы аясында "MADE IN ALMATY" сценарийлер байқауы өтеді. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаз ASTANA FILM FUND жобасын іске асыру үшін толық қолдауға ие болады. Бағдарлама жас кинематографистерді қолдауға бағытталған. Байқаудың мақсаты- Қазақстанның жас дарындарына мықты серпін беру және оларды әлемдік жетекші продюсерлерге, қорлар мен фестивальдерге ұсыну. Биыл кинофестивальде "ALATAU FILM AWARDS" атты жаңа ұлттық сыйлығы ұсынылады. Сыйлықтың мақсаты -қазақстандық картиналарды танымал ету және еліміздің кинопрокатында фильмдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
"ALMATY FILM FESTIVAL" 2019-ға шолу:
- Байқаудың негізгі 12 фильмі;
- Конкурстан тыс 50 фильм;
- 5 қазылар алқасы;
- бизнес-форумның 50-ден астам қатысушысы;
- 50-ден астам халықаралық кинофестиваль қонақтары (режиссерлер, продюсерлер, сценаристер);
- 10-нан астам елден келген қонақтар (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Италия, Әзірбайжан, Болгария, Бангладеш, Португалия, Сингапур, Палестина, Аргентина және басқа елдер);
- Отандық киноиндустрияның 50-ден астам өкілі;
- Баспасөз қызметінің 100-ден астам өкілі, журналистер, блогерлер;
- Фестивальдің 1500-ден астам аккредиттелген қонағы (Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары);
- Кинофестивальдің 5000-ға жуық қонағы.