№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлттық банк коллекторлық компанияға өткен кредиттің қандай жағдайда кешірілетінін айтты

Ұлттық банк коллекторлық компанияға өткен кредиттің қандай жағдайда кешірілетінін айтты

Ұлттық банк коллекторлық компанияға өткен кредиттің қандай жағдайда кешірілетінін айтты
Ұлттық банк коллекторлық компанияларға кетіп қалған кредиттерді мемлекет тарапынан өтеуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, президенттің жарлығы бойынша екінші деңгейлі банктер мен микроқаржыландыру ұйымдарының балансында тұрған кредиттер мемлекет тарапынан өтеледі. Осы тізімге коллекторлық компанияға кетіп қалған несиелер кірмейді. Алайда кредитті коллекторға берудің екі формасы бар.

"Біріншіден, банктер кредитті өтеу шараларын коллекторлық компанияға тапсырғанда кредитті өз балансында қалдыруы мүмкін. Ондайда коллекторлар тек банктің атынан қарызды өтеуді талап етеді. Банктің балансында тұрған мұндай кредиттер мемлекет тарапынан өтеледі. Ал банк кредитті коллекторлық компанияға сатып жіберсе, ол баланстан кетіп қалады. Бұл – банктің коллектормен жұмыс істеудің екінші формасы. Осы санатқа жататын кредиттер мемлекет тарапынан өтелмейді", - деді Смоляков астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, тамыз айында 507 363 адамнан тұратын нақты тізім әзірленген болатын. Сол бойынша 105 миллиард 174 мың теңгенің кредиттері өтелді. Қарыз бен шағын кредиттердің жалпы саны 630 мыңнан асты.

"Олардың ішінде 263 525 азаматтың кредиті толығымен өтелді. Бұл барлық азаматтың жартысын, нақты айтсақ, шамамен 52 процентін құрайды. Осы орайда айта кеткен жөн, үкімет қаулысы бойынша мемлекет тарапынан кредитті өтеу кезекпен атқарылады. Алдымен жылдық мөлшерлермесі жоғары кредиттер өтеледі. Одан кейін берешегі көп займдар және мерзімі жағынан ерте рәсімделген кредиттер келеді. Жұмыс осы кезекпен жасалады", - дейді Смоляков.



11 қыркүйек 2019 ж. 1 590 1

Арайлым от 12 қыркүйек 2019 15:03
Менің Каспиде жəне Хоумда кредиттерім бар еді. Президенттің жарлығына сəйкес тізімде болмай шықтым. Көп балалы, инвалид бала тəрбиелеп отырмын. Жəне АСП алам. Өтінем менің кредиттерімді жабуға тізімге қосуларыңызды сұраймын!!!