ҚАЗАҚСТАНДА САЛЫҚ ТҮСІМІ ҰЛҒАЮДА
Қазақстандықтар 2018 жылдың қаңтар-наурыз айында 1,8 трлн теңге салықтық төлемдер мен салымдар жасады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.
Өткен жылдың үш айындағы бұл көрсеткішпен салыстырғанда салым көлемі 9,5% жоғары болды.
Ел бойынша Алматы қаласы (456, млрд теңге) мен Атырау облысының (265,6 млрд теңге) салық көлемі біршама көп болды.
Сонымен қатар, Астанада 227,2 млрд теңге, Қарағанды облысында 120,9 млрд теңге, ал Алматы облысында 82,8 млрд теңге салық түсті.
Маңғыстау облысында 97,7 млрд теңге, БҚО-да 65,1 млрд теңге, Ақтөбе облысында 97,4 млрд теңге, ОҚО-да 76,7 млрд теңге, ШҚО-да 65,2 млрд теңге, ал Павлодар облысында 71,6 млрд теңге жиналды.
Қостанай облысында 41,2 млрд теңге, Ақмола облысында 39,5 млрд теңге, сонымен қатар Қызылорда облысында 33,3 млрд теңге, Жамбыл облысында 22,5 млрд теңге, СҚО-да 20,5 млрд теңге салықтық түсім түсті.
Пікір 5 122