Экономикада өсім бар
Былтырң ел экономикасы 4,8 пайызға артып, барлық салада серпіліс байқалды. Ауыл шаруашылығында – 13,7%, құрылыста – 13,1%, саудада – 9,1%, көлікте – 8,5% деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9%-ға ұлғайды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов осындай баяндама жасады. Олжас Бектенов сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, Үкіметтің басты басымдықтары болып қалатынын мәлімдеді. Бұл бағытта атқарылатын шаруар қыруар, әсіресе, ауылдағы ағайын аграрлы саланы дамытуға биыл қбілек сыанып отыр. Өйткені, ауылшаруашылығы саласы – ел экономикасының негізгі драйвері.
Биылғы болжам бойынша экономика көрсеткіші тағы 5,5 пайыз өсетініне сарапшы мамандар сенімді. Бұл жерде негізгі капиталға мұнай мен шикізат өндірісі енетіні белгелі. Дегенен, ішкі нарық, экспорт пен кәсіпкерлік саланың дамуы да ел экономикасына әжептеуір әсер ететіні ақиқат. Сондықтан, мемлекеттен шағын және орта кәсіпкерлікке өте көп қолдау көрсетілуде. Дамыған елдердің әлеуметтік саласы мен экономикасында осы сала үлкен рөл атқарады. Яғни, мұнайы, жер асты қазба байлығы аз, тіпті жоқ елдер өнім өндіріп, экспорттаумен еңсесін тіктеп отырғаны рас. Енді бірі аграрлы саланың дамуымен бәсекеге қабылеттілігін арттырып, халықаралық нарықтағы өзіндік орнын қалыптастырып үлгерді.
Қытай мен Түркия ішкі экономикасында және экспорт әлемінде шағын брендін жүйелеп алған. Мәселен, Қытайда бір отбасы түгелдей өнім шығарумен айналысады, шамасы келмегендер дайын шикізаттан тұтынатын тауар немесе тұрмысқа қажетті заттарды өндіре береді. Ағайынды түрік елі де шағын кәсіптің көкжиегінде жүр. Оларда бір ғана киім бәсекесінде әжептеуір з орны бар. Міне, кейбір әлем елдерінің экономикасы табиғи байлықтан бөлек нарық пен салықтан даму жолында келеді.
Экономиканың тағы бір өзегі ол инвестиция көздері. Мұнай мен өзге де шикізатқа тәуелділіктен арылудың екінші бір жолы осы инвестиция тарту болып тұр. Былтыр әлеуметтік салаға салынған инвестиция көлемі үш есеге артқан. Тек шет елден келетін инвестиция көлемі 36 пайызға төмендепті. Ең бастысы, Сыр өңіріне келген инвесторлардың игілігін өңір халқы көріп жатыр. Оның ішінде, Жаңақорған ауданы да бар. Былтыр аграрлы салаға салынған қаржы көңіл қуантады. Бір ғана Қыраштағы алма бақтың өзі бүтіндей бір облысты алмамен қамтуға қауқарлы. Өткен жылы аудандық бюджет 16,1 млрд теңге болып бекітілсе, жыл соңында 19,6 млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысымен аудан бюджетінің жалпы кірістері 103,3 пайызға, оның ішінде өз кірістеріміз 111,4 пайызға орындалды. Облыс әкімінің бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жыл басында 4,2 млрд теңге болып жоспарланған өз кірістеріміздің жылдық жоспары 834,2 млн. теңгеге артты.
Айта кетейік, 2025-2029 жылдары аймақта құны 2 трлн теңгеге жуық 87 инвестициялық жоба жүзеге асып, 8 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл құны 275,3 млрд теңгені құрайтын 24 жобаның іске қосылуы, 1 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделуде. Өткен жылы Қытай, Ресей, Италия, Испания, Голландия, Корея, Өзбекстан, Түркия елдерінің өкілдерімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық жобаларды іске асыру туралы бірқатар келісімге қол қойылды.
Қысқаша айтқанда, экономиканың жыл сайын өсім деңгейі артқан сайын елдің әлеуеті жақсара түсетіні заңдылық. Ең бастысы, жүйелі жұмыстар, нақты жоспарлар орындалса болғаны. Экономиканы шикізаттық бағыттан арылтып, әртараптандыру, индустрияландыру жолына түсіру – қазіргі заман талабы екенін уақыт көрсетіп отыр.
Әлібек ЖАРЫҰҚБАЕВ