№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ел экономикасындағы өсім шамамен 5,3%

Ел экономикасындағы өсім шамамен 5,3%

Өткен жылдың қорытындысына сәйкес ел экономикасы жаңа жағдайларға бейімделіп, орнықты даму жолына түсті. Қабылданған шаралар нәтижесінде экономиканың өсімі 5,1%-ды құрады

Негізгі салалардың барлығы оң динамика көрсетті: құрылыста – 13,3%, саудада – 11,3%, ақпарат және байланыс қызметтері – 7,1%, көлік қызметі – 6,9%, өнеркәсіп – 4,3%

«Негізгі капиталға салынған инвестиция 13,7%-ға өсті. Бұл ретте 2023 жылдың 9 айында тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) көлемі $19,7 млрд-ты құрады. Оның ішінде $11 млрд-тан астамы шикізаттық емес секторларға бағытталған. Жалпы 2 жыл қатарынан ТШИ көрсеткіштері соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіштердің біріне айналды – олардың жылдық көлемі $26-28 млрд деңгейінде. Қазақстан ТМД елдері арасында шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны бойынша көш бастап тұр,—делінген хабарламада.



2023 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымы 2,2%-ға өсіп, $126 млрд-ты құраған.

«Үкімет Ұлттық банкпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шараларды іске асыруда. Нәтижесінде өткен жылы ол 2 еседен астам төмендеп, 9,8%-ды құрады. 2024 жылы инфляцияны 6-8% деңгейінде ұстау міндеті қойылды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 5,3%-дан кем болмауы тиіс»,—деп жазылған хабарламада.



05 ақпан 2024 ж. 652 0